Жетісу облысындағы сел: 21 үй су астында қалды

0
829

Бір апта ішінде тәуелсіз сарапшылардың көмегімен барлық шығынды есептейтін комиссия құрылды.


Жетісу облысындағы сел: 21 үй су астында қалды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында қатты селдің салдарынан келген шығынды есептей бастады. Ескелді ауданындағы бірнеше ауылдың үйлері су астында қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев су басқан үйлерді аралап, тасқынның салдарын өз көзімен көрді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көбінің үйі, көлігі мен үй жануарлары су астында қалып қойған.

Тұрғындардың басым бөлігі несиеге баспана мен құрал-жабдық алғандықтан, жергілікті биліктен барлық қажетті көмекті беруді сұрап отыр. Облыс әкімі әуелі барлық шығынды есептеу керегін айтты.

«Бір апта ішінде тәуелсіз сарапшылардың көмегімен барлық шығынды есептейтін комиссия құрылды. Бірінші кезекте үйлері су астында қалғандарға көмектесеміз», деді облыс әкімі тұрғындармен кездесуінде.

Ал ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысында бірде-бір үйді су баспағанын хабарлады. су басқан үйдің жоқтығын хабарлады. Өңір әкімі Бейбіт Исабаевқа дайындалған анықтамалық ақпаратта дерек басқаша келтірілген. Ал негізінде барлығы 120 ауланы жаңбыр суы басқан, оның ішінде екі елді мекендегі 21 тұрғын үй бар.