Өрттің себебі мен қаза болу жағдайлары анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Жезқазғанның орталық ауруханасында өрт болды, деп жазады Azattyq Rýhy.
«3 қараша күні сағат 11:58-де Жезқазған орталық ауруханасының ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына ТЖД-нің 24 адамы мен 7 техникасы жіберілді», - делінген хабарламада.
Өрт төртінші қабаттағы палатада 10 шаршы метр алаңда болды.
«Өрт болған жерден науқас – 1961 жылы туған ер адамның мәйіті табылды», - деп толықтырды ТЖД.
Өрт сағат 12:21-де сөндірілді. Өрттің себебі мен қаза болу жағдайлары анықталуда.