Жезөкшелер ордасына қолдау көрсеткен полиция қызметкері 12 жылға сотталды

0
2 661

Полиция қызметкері қызметтік жағдайын пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ басшысынан көз қыстылық үшін 3 миллион теңге көлемінде қаражат алды деп күдікке ілінген.


Жезөкшелер ордасына қолдау көрсеткен полиция қызметкері 12 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Ақтау қалалық полиция бөлімінің жедел уәкілі (тергеуші) жезөкшелер ордасына қолдау көрсеткені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп мәлімдеді брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айырыша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров, деп жазады zakon.kz.

25 қаңтарда Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ақтау қаласы ПБ КПБ тергеушісі Айбеков Д-ны 12 жылға бас бостандығынан айырды, - деді Биғайдаров.

Полиция қызметкері қызметтік жағдайын пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ басшысынан жезөкшелік пен жеңгетайлықпен айналысатын жезөкшелер ордасын ұйымдастыру және оның жұмысына өз тарапынан қолдау көрсетіп, бармақ басты, көз қыстылық үшін 3 миллион теңге көлемінде қаражат алды деп күдікке ілінген.

23 сәуірде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кеңсе меңгерушісі Қуаныш Жапақов Маңғыстау облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, Ақтауда жезөкшелікпен айналысатын жезөкшелер ордасын ұйымдастырған шетелдік азаматтарға қолдау көрсеткен полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін тоқтатты деп хабарланды.

Карантинге қарамастан, полиция қызметкерлері ешқандай шара қолданбаған, жезөкшелер ордасы жайбарақат қызметін жалғастыра берген. Сонымен қатар, полиция коронавирус инфекциясын жұқтырған жезөкшенің шетелдік азаматтармен тікелей байланыста болу фактісін жасырған.