ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды.
фото: Тұрар Қазанғапов ©
Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық тағайындаулар туралы жарлыққа қол қойды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ АҚОРДАҒА сілтеме жасап.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды.
Ал, аталған министрлікке басшы болып, Елбасы жарлығымен Дархан Қалетаев тағайындалды. Осы тағайындалуға байланысты оның Парламент Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты
Анатолий Смолин Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен;
Владимир Жұмақанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болып Талғат Донақов тағайындалды. Осы тағайындауға байланысты ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды.