Жол сақшыларының жасырын патрульдеуі заңды — ІІМ

0
601


Жол сақшыларының жасырын патрульдеуі заңды — ІІМ

ERNUR.KZ. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жасырын патрульдеу шараларының заңсыздығын айтып сынаушыларға жауап берді, деп жазады kaz.inform.kz.

«Ақпарат құралдары полицияның жасырын патрульдеуі қаншалықты заңды әрекет екенін белсенді талқылап жатыр. Полицияның белгіленбеген автокөлікте жасырын патрульдеуі Ішкі істер органдары туралы, Жол жүрісі туралы заңдарда көзделген министрліктің ішкі бұйрықтарында бар екенін бірден нақтылаймын. Өз кезегінде аталған заңдар ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес әзірленіп қабылданған. Бұл — бүкіләлемдік тәжірибе», — деді Қайсар Сұлтанбаев.

Оның пайымдауынша, жолда полицияның тұруы жүргізушілерді тәртіпке келтіріп, апаттар санын азайтады.

«Жасырын патрульдеудің мақсаты — жаппай жазалау емес, керісінше, кез келген бұзушылықтан аулақ болу керек екенін жеткізу. Өйткені полиция елдің бүкіл жолдарын бақылайды. Бұған болашақта автобустар мен жедел жәрдем көліктерінде орналасқан камералар да ықпал етеді», — деді ол.