Рөлде 21 жастағы жігіт болған.
ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы Береке ауылында жас жүргізуші бүлдіршінді басып кетті. Төрт жасар бала оқиға орнында көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға кеше сағат 17:30-да Ақсу ауылдық аймағында болған. Атамекен көшесінде ВАЗ 2106 көлігі жолға жүгіріп шыққан төрт жасар қызды басып кетті. Рөлде 21 жастағы жігіт болған.
"Кішкентай қыз оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік жүргізушісі уақытқа қамау изоляторына тоғытылды.
Айта кетейік, осы бап бойынша белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.