"Жүйе істен шыққан": Атырау тұрғындары жедел жәрдем шақыра алмай әбігерге түскен

0
7 016

Қала әкімдігі тұрғындардың наразылығына жауап берді.


ERNUR.KZ. Атырауда тұрғындар "Көмек" жүйесінің істен шығуына байланысты жедел жәрдем көлігіне хабарласа алмаған, деп жазады Inbusiness.kz


Атырау қаласының әкімдігі жедел жәрдемнің ақпараттық жүйесіндегі ақаулар туралы шағымдарға байланысты қызметтік тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.

"Бұл тексеріс "Көмек" ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша жедел жәрдем станциясы мен цифрландыру орталығының қызметін талдауға бағытталатын болады. Нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою және олардың жұмысын оңтайландыру бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады", - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.