Жұмыста әйелді ара шағып алған, ал оның аллергиясы болған.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында электрик әйелдің өліміне жақындары жұмыс берушіні кінәлайды, деп жазады stan.kz.
Жұмыста әйелді ара шағып алған, ал оның аллергиясы болған. Алайда жақындары жұмыс берушінің оған бірден көмек бермегеніне наразы. Себебі әйел тек кешке үйіне қайтқан.
40 жастағы Зарина Омарова Саранск шахтасындағы электр станциясының жабдығын бақылаған. Техникаға қол жеткізу үшін электриктер шөп шабуға мәжбүр болған, содан кейін Заринаны ара шағып алыпты. Ол өзін нашар сезінсе де, оны басшылық үйіне жібермеген. 8 сағаттан кейін келгенде, ол сөйлей алмай қалды. Сол кезде жедел жәрдем келген.
Дәрігерлер үш сағат бойы әйелдің өмірін сақтап қалмақ болды.
“Үш немересі, әлі кәмелеттік жасқа толмаған ұлы артында қалды және бұл үшін ешкім жазасын алған жоқ. Олар өз кінәларын мойындағысы келмейді. Бұл үйде емес, бір жерде емес, жұмыс орнында болды. Неліктен олар оған жедел жәрдем шақырмады? Олар ешқандай шара қабылдамаған”, – деді Зарина Омарованың әпкесі Ирина Зинатуллина.
“Бұл өте қиын. Өйткені оның алдын алуға болушы еді, бірақ ешқандай нәрсе жасалмады. Жедел жәрдем шақыру немесе қандай да бір шаралар қабылдау, фельдшерлік пунктке жіберу жеткілікті еді”, – деді марқұмның қызы Алина Арсанова.
Сараптама нәтижесі бойынша араның шағуынан анафилактикалық шок және мидың ісінуі пайда болып, оның асқынуы әйелдің өліміне әкелді. Комиссия мұны өндіріске қатысы жоқ жазатайым оқиға деп бағалады.
"Вахтаны тапсыратын бригадир, барлығы сол күні шөп шапқан. Олар әйелге бірнеше рет көмек ұсынған, алайда ол өзі бас тартты дейді", – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық мемлекеттік еңбек инспекторы Тілеген Құлымбетов.
Аудандық сотта жұмыс беруші кінәсіз деп танылды.
Марқұмның қызы аппеляциялық шағым түсіріп, компанияның өз кінәсін мойындауын талап етуде.