Жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS жолданады

0
143

Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді.


Жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS жолданады

фото: Sputnik / Владислав Воднев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз ретінде тіркеліп, қиын жағдайға тап болған 24790 азаматқа жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS хабарлама жіберілетінін хабарлады, деп жазады ERNUR.KZ.
"Министрлік тіркелген жұмыссыздардың арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 24 790 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат жазылған SMS хабарламалар жібереді", - дейді ведомство.
Атап айтқанда, оларға 1414 қызметі арқылы ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу ұсынылады.
Ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.
Санақтың онлайн кезеңі 31 тамызға дейін жалғасады. Сауалнамаға қатысу үшін электронды цифрлық қолтаңба, SMS-код немесе eGovMobile қосымшасынан QR-код арқылы сайтқа кіру қажет.