Жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетті: екі адам қаза тапты

0
98

"ВАЗ-2110" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, бетпе-бет соқтығысқан.


Жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетті: екі адам қаза тапты

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

ПД дерегінше, оқиға 11 қазанда Омбы–Майқапшағай автожолында, Қызылқоғам ауылынан 3 шақырым жерде болған. "ВАЗ-2110" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, бетпе-бет соқтығысқан.


Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші мен жолаушының қаза табуы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтауға, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде абай болуға және көліктің техникалық жай-күйін қадағалауға шақырды.