Жыл басынан бері 44 адамды пойыз басып кеткен

0
103

Зардап шеккендер арасында ересектердің қарауынсыз жолда қалған 1,5 жас пен 4 жас аралығындағы төрт бала бар.


Жыл басынан бері 44 адамды пойыз басып кеткен

фото: Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"

ERNUR.KZ. Темір жол бойында 8 айда 27 адам ажал құшты, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы, деп жазады sputnik.kz.
ҚТЖ мәліметінше, жыл басынан бері 44 адамды пойыз басып кеткен. Оның 27-сі көз жұмды.
Құқық бұзушылар:
39%-і мас күйінде;
36%-і белгіленбеген жерден өткен немесе құлаққапта болған;
14%-і вагон астымен жолдан өтпекші болған;
11%-і – суицидтік жағдайлар.
Зардап шеккендер арасында ересектердің қарауынсыз жолда қалған 1,5 жас пен 4 жас аралығындағы төрт бала бар.
Десе де, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда адам басу саны 29%-ке төмендепті.
"8 айдың ішінде локомотив бригадаларының кәсіпқойлығы арқасында 77 астам жол апатының алды алынды. Жалпы, соңғы бес жылда теміржол өткелдерінде 124 жол апаты тіркелді, биыл 8 айында 16 оқиға болды", - дейді компания.
Жол апатына жүргізушілердің асығуы және олардың жол жүру ережелерін сақтамауы себеп.