Жыл басынан бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған 11 шенеунік жазаланды

0
481

Бюджет қаражатын пайдалануға қатысты мәселелер бар.


Жыл басынан бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған 11 шенеунік жазаланды

ERNUR.KZ. 2021 жылдың басынан бастап бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін 11 шенеунік жазаланды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Годунова атап өткендей, бюджет қаражатын пайдалануға қатысты мәселелер бар.

Барлық мемлекеттік аудит органдары анықтаған тиімсіз жұмсалған қаражат көлемі 570 миллиард теңгені құрады. Есепшоттағы әрбір теңге маңызды кезде бұл бассыздық болып табылады. Сондықтан біз өткен жылы қолға алған мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланғаны үшін шенеуніктердің жауапкершілігін күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру өте маңызды деп санаймыз. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тек екі анықтама ғана енгізілді. Жаңа норма жұмысының нәтижелері бойынша тағы үш анықтаманы қарастыру туралы шешім қабылданды, - деді ол.

Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан бері 11 шенеунік жазаланды.

Бұл норма оңды-солды пайдаланылады деп қорыққан едік, жоқ, олай емес, қорқатын түгі жоқ. Бірақ бұл - жақсы профилактикалық шара, тежеу сипатына ие. Өкінішке қарай, ол заңбұзушылықтың тар шеңберінде қолданылуда, - деп сөзін қорытындылады Есеп комитетінің басшысы.