Жыл сайын 18 мамырда Халықаралық музей күні атап өтіледі

0
137

Бүгінде Қазақстанда республикалық және өңірлік деңгейдегі 275 музей табысты жұмыс істеп жатыр.


Жыл сайын 18 мамырда Халықаралық музей күні атап өтіледі
ERNUR.KZ. Атаулы күн 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің Бас конференциясында бекітілген. Материалдық және рухани мұраны сақтай отырып, әлем музейлері мәдениет, білім және ағартушылық орталықтарына айналып отыр.

Бүгінде Қазақстанда республикалық және өңірлік деңгейдегі 275 музей табысты жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 12 республикалық музей-қорық бар.

Биыл еліміздің басты өнер музейі – Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің құрылғанына 90 жыл толып отыр. 2025 жылдың басында музейге «Ұлттық» мәртебесі берілді.

Музейге бару – жай ғана экскурсия емес. Бұл – әр жолы өз еліңнің және күллі әлемнің тарихы, мәдениеті мен өнері жайлы тың дүниелерді ашу мүмкіндігі.