Жыл соңына дейін 775 ауыл әкімі сайланады

0
496

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда 2 346 әкім бар.


Жыл соңына дейін 775 ауыл әкімі сайланады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ол Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауға көшу бойынша тапсырма бергенін атап өтті.

«Биыл 24 мамырда ауылдағы әкімдерді тікелей сайлау мәселесі туралы заңға қол қойылды. Бастама жергілікті өзін-өзі басқару институттарының практикасын енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға қатысты негізгі саяси реформалар пакетін іске асыруға бағытталған»,– деді Константин Петров.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда 2 346 әкім бар. Жаңа норма енгізілгеннен соң, олар өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Жыл соңына дейін 775 ауыл әкімі сайланады де жоспарланып отыр.

ОКС төрағасының бірінші орынбасары ауыл әкімі құрамының өкілеттік мерзімдеріне байланысты сайлау бір уақытта өтпейді. Ол әкімдердің өкілеттілігінің аяқталуына немесе өкілеттілік мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты ұйымдастырылады.