Жыл соңында Қазақстандағы киік санағының нәтижесі жарияланады

0
1 007

2020 жылы пандемияға байланысты киік санағы жүргізілген жоқ.


Жыл соңында Қазақстандағы киік санағының нәтижесі жарияланады

ERNUR.KZ. Мамыр айының басынан бастап киіктер жиналатын және қоныс аударатын жерлерде күшейтілген рейд жүргізілуде. Киіктер мекендейтін (шоғырланған) және төлдейтін учаскелерде блок-бекеттер қойылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кету керек, киіктердің дүниежүзілік популяциясының 90%-дан астамы Қазақстанға тиесілі. Қазақстанда киіктердің Бетпақдала, Орал және Үстірт секілді 3 популяциясы мекендейді.

Айдың басынан бастап қолайлы ауа-райына байланысты киіктің төлдеуі тұрақты күйде өтеді, алаңдаушылық факторлары байқалмайды.

2019 жылғы есеп бойынша дала жануарыың саны 334 400 басты құрады:

  • Бетпақдала популяциясы - 111 500 басты;
  • Орал популяциясы - 217 000 басты;
  • Үстірт популяциясы - 5 900 басты.

2020 жылы пандемияға байланысты киік санағы жүргізілген жоқ. Қазір есеп қайта жаңартылды, оның нәтижесі осы жылдың соңында алынады.

Естеріңізге сала кетейік, киік санын арттыру және сақтау үшін министрлік ғылыми мақсатта пайдаланудан басқа, Қазақстанның барлық аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2023 жылға дейін тыйым салды.

Сондай-ақ, Қылмыстық кодексте киіктерге браконьерлік жасағаны үшін, тіпті 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеуге дейінгі жазалау шаралары қатаңдатылды.