Географиялық сілтемені тіркеу бойынша және бизнес өкілдері арасында осы сілтемені насихаттау мақсатында биыл Зияткерлік меншік институты арқылы әкімдіктермен жұмыс жандандырылды.
ERNUR.KZ. Қазақстандағы инновациялар мен шығармашылықты қорғаудың өзектілігі, ең алдымен, қазіргі әлемде зияткерлік меншік құқықтарын тиімді қорғаудың экономикалық дамуды ынталандырудағы шешуші рөл атқаратындығына байланысты. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді.
Оның айтуынша, заңнаманы жетілдіру мақсатында Әділет министрлігі Зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірледі. Сондай-ақ Марракеш келісімін ратификациялау туралы заң жобасы әзірленді. Ол зағип жандардың жарияланған жұмыстарға қол жеткізуін жеңілдетуге бағытталған. Қазіргі уақытта екі құжат та Парламент Мәжілісінің қарауында.
«Жақында Қазақстан заңнамасына жаңа «географиялық сілтеме» зияткерлік меншік объектісі енгізілді. Ол ұзақ тарихы бар және шыққан жері, табиғаты мен мәдениетімен тығыз байланысы бар ауыл шаруашылығы өнімдеріне, азық-түлікке, шараптарға және спирттерге, қолөнер және өнеркәсіптік өнімдерге сілтеме жасау үшін қолданылады. Географиялық сілтемені тіркеу арқылы қорғауҚазақстанның түрлі өңірінде шығарылатын тауарлардың ұлттық брендін дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ олардың әлемдік нарықта танылуын, инвестициялық тартымдылығын және туристік саланы дамытуға көмектеседі», – деп атап өтті спикер.
Географиялық сілтемені тіркеу бойынша және бизнес өкілдері арасында осы сілтемені насихаттау мақсатында биыл Зияткерлік меншік институты арқылы әкімдіктермен жұмыс жандандырылды. Жыл басында «географиялық сілтемелерді құқықтық қорғау және олардың ұлттық брендтерді насихаттаудағы рөлі» тақырыбында семинар өткізілді.
Нәтижесінде наурыздан желтоқсанға дейін ГС мемлекеттік тізілімінде тіркелгендердің саны 5-тен 38-ге дейін өсті және тағы 140 өтінім Ұлттық зияткерлік меншік институтының қарауында.
Жалпы, жаңа тіркеулердің арасында Қазақстанда түйе сүтінен жасалған Арал сабыны, Қызылорда күріші, Талғар алмұрты, Нарынқол картоптары, Көкшетау балмұздағы, Катонқарағай табиғи балы және басқалары бар.