Дап -дардай еркектер ескертпе жазуға қарамастан қоршаудан ары өтіп алған.
фото:ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Жастары 30-дар шамасындағы екі жігіт қоршауға жақындап жыртқышқа тас лақтырып жатқан видеосы желіде қызу талқыға түсуде, деп жазады ktk.kz.
Дап -дардай еркектер ескертпе жазуға қарамастан қоршаудан ары өтіп алған. Бала шағаның алдында көрсеткен өнерлеріне өздері мәз.
Панасына беттеген арыстанды тас атып жүріп, қаратқандарына масаттанып та қояды. Тіпті, арыстанмен ойнап болғасын, басқа да жыртқыштарды түгендеп емін-еркін жүр. Осы кадрлер желіге тарағасын, жігіттердің қылығы сынға түсті. Ал зообақ басшылығы полицияға шағым жазған.
Қазір тәртіп сақшылары бетімен кеткен екеуді іздестіріп жатыр.