Зульфия Сулейменова 25 ақпан 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Сурет: primeminister.kz
Бұл ақпаратты 11 қараша 2025 жылы ҚР СІМ баспасөз қызметі растаған.
Зульфия Сулейменова 25 ақпан 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдаған, 2014 жылы осы мамандық бойынша магистр дәрежесін алған. 2016 жылдан бастап Жапониядағы GRIPS ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқыған.
Еңбек жолы:
2013 жылы басталған.
2014–2015 жж. – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінде ғылыми қызметкер.
2015–2017 жж. – Бангкок, Таиланд: БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхиты экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (энергетика, макроэкономикалық саясат, даму қаржыландыруы, қоршаған орта және даму).
2019 ж. – БҰҰ Даму бағдарламасы, Түрікменстан және Қазақстан, сонымен қатар ЭСКАТО БҰҰ қоршаған орта және даму дивизионы.
2020–2021 жж. – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің орынбасары.
Саяси қызметі:
2021–2022 жж. – ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
2022 жылғы наурыз – 2023 жылғы қаңтар – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
2023 жылғы 4 қаңтар – 1 қыркүйек – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі.
21 қыркүйек 2023 ж. – ҚР Президентінің кеңесшісі – халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалған.
Марапаттары:
"Құрмет" орденімен марапатталған (2024).
Зульфия Сулейменова Президенттің кеңесшісі – халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкіл қызметінен 25 қыркүйек 2025 ж. босатылған, тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойған.


