​АСҚАЗАН ауруына ЕШКІ СҮТІ ем болады

0
19 264

Асқазанды емдеу үшін сізге бар-жоғы 1 литр ешкі сүті керек.


​АСҚАЗАН ауруына ЕШКІ СҮТІ ем болады

фото: vk.com

Асқазан ауруына халық емі картоп шырынын, алоэ, бал мен емдік шөптерді ұсынады. Бұл заттардың әрқайсысы әртүрлі жағдайда ем болатынын ескеріңіз. Сонымен қатар қалай, қашан ішу керектігін де біліп алғаныңыз дұрыс. Асқазаны ауыратындар міндетті түрде гастроэнтеролог дәрігерге көрініп алғаны дұрыс. Сонан соң халықтың жолмен дертіне шипа тапса болады.


Асқазан аурулары көп. Нақтырақ айтқанда:


Гастрит – асқазан сөлі азайып, қышқыл көбейген кезде мазалайды. Мұны дер кезінде емдемесе эрозияға әкеледі.

Белгілері: құсқыңыз келеді, тәбетіңіз төмендейді, қыжыл мазалайды, үлкен дәретте (іш өтеді немесе жүрмейді) өзгеріс болады және аузыңызға ащы дәм келеді.

Эрозияның белгілері: түнгі уақытта асқазаныңыз қатты ауырады, жүрек айнып, қыжыл болады, тамақтан соң кекірік мазалайды. Дәм сезбеуіңіз мүмкін, құсықта немесе үлкен дәретке қан араласады.


Асқазан түймешігі (полип) – асқазан қабырғасындағы қатерсіз түйін. Бұл көбінесе 45-50 жастан асқан ер кісілерді көбірек мазалайды.


Асқазан жарасы – қабынудан, шырышты қабықтың жарақаттануынан, қышқылдың көбеюінен пайда болады.

Белгілері: асқазаныңыз, кіндіктің айналасы, сол және оң қабырғаның асты ауырып белгі береді.


Қатерлі ісік – асқазанның ең қауіпті ауруы. Соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтырады. Асқазанда аз ғана өзгеріс болса уақыт созбай, дереу дәрігерге тексеріліңіз. Сонда қауіптің алдын аласыз.


Асқазан жарасын емдеу үшін:

  • Таңертең ашқарынға 1-2 ас қасық ешкі сүтін ішіңіз. Күні бойы бірнеше стақан сүтті бірдей көлемде қайнаған сумен араластырып ішуді әдетке айналдырыңыз. Емделу мерзімі – 3-4 апта.

фото: myadviceshealth.com

  • 3 жылдық алоэ жапырақтарын ағын сумен жуып, еттартқыштан өткізіңіз. Дайын болған езбеге бал араластырып 1 ас қасықтан күніне 1 рет ішке қабылдайсыз. Емделу мерзімі – 1 айдан 3 айға дейін ұласады.


Гастритті емдеу үшін:

  • 1 шай қасық ұсақталған ара желімі мен 1 шай қасық балды араластырыңыз. Дайын болған коспаны ішке қабылдайсыз. Артынан 70-100 мл-дей су ішу керек. Емді күніне 2 рет жүргізу керек. Емделу уақыты – 2-3 апта.

фото: gastritlechim.ru

  • 2-3 дана картопты тазалап жуып, қабығын аршыңыз. Оны үккіштен өткізіп, жақсылап езіп сөлін аласыз. Дайын болған шырынды қабатталған дәкемен сүзіп алып, тамақтанудан жарты сағат бұрын ішесіз. Емді күніне 2-3 рет қайталау керек.


Эрозияны емдеу үшін:

  • 1 шай қасық ұсақталған кепкен андыз (аир) тамырын 200 мл қайнаған суға салып, отқа қоясыз. 4 сағаттай баяу отта қайнату керек. Белгіленген уақыттан соң оттан алып, сүзесіз. Салқындаған кезде 50 мл-ден әр тамақтың алдында ішіңіз. Емделу мерзімі – 2 апта.

фото: oxfordvitality.co.uk

  • 500 гр. грек жаңғағын қабығынан тазартып, ұсақтаңыз. Оған 0,5 литр арақ құйып, аузын мықтап жауып күн тимейтін жерге қойыңыз. Шамамен 2 аптадан соң дайын болған емдік қоспаны тамақтан соң қабылдайсыз. Қолдану тәртібі: 1 ас қасық қоспаны 125 мл қайнаған жылы сумен араластырасыз. Емді күніне 2-3 реттан 2 апта бойы үзбей ішесіз.


Асқазанды тазалау үшін:

Асқазан дұрыс жұмыс істемесе, жеген тамақты қорытпаса теріңізде өзгерістер орын алады, жүрек айну, құсу, іш өту, іш қату секілді жайсыздықтар мазалайды. Бұл кезде асқазанды тазалау керектігін ескеріңіз. Ол үшін сізге керегі ЗЫҒЫР МАЙЫ немесе МИНЕРАЛДЫ СУ:

фото: sunmag.me

  • Таңертең ашқарынға 1 ас қасық зығыр майын ішіңіз. Осы емді үзбей 2 апта жалғастырсаңыз, керемет нәтижеге көз жеткізесіз. Зығыр майын зәйтүн немесе күнбағыс майымен алмастыруға болады.
  • Ашқарынға 2 стақан газдалмаған минералды су ішіңіз. Тазару мерзімі – 3-4 апта.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз: