​БАЛ мен ҰН терідегі ҰШЫҚТЫ кетіреді

0
7 405

Ұшық шыққан кезде жыныстық қатынастан бас тарту керек


​БАЛ мен ҰН терідегі ҰШЫҚТЫ кетіреді

фото: mail.sobkor.net

Ұшық – теріге шығатын вирусты ауру. Көбінесе ерінге шығады. Аздап қышып жайсыздық тудыратыны белгілі. Медицина мамандарының айтуына қарағанда, вирусты ауру ағзаға жұққанда алғашқы белгісі ретінде ұшық шығады екен. Егер иммунитет мықты болса, ағза вируспен күресіп, өзі-ақ жеңіп алатын көрінеді. Вирус тараған кезде ұшық та өздігінен жазылады екен.


Бірақ ұшық өзі кетеді деп әрекетсіз отыруға болмайды. Ұшықты дер кезінде емдемесеңіз, оның саны көбейіп, тіпті асқынып кетуі де ғажап емес.

фото: old-lekar.com


Ұшықтың шығуына:

  • бет сүйіп амандасу;
  • ауа тамшылары;
  • қолды жумау;
  • біреудің ыдысын пайдалану;
  • бөтеннің сүлгісімен сүртіну себеп болады.

Вирус жұққан кезде денеңіз қақсап, сүйек сырқырайды, дене қызуы көтеріліп, бойыңызды әлсіздік билейді. Лимфа түйіндері ісініп, жұтқыншағыңыз ауырады. Содан кейін барып ерінге бөртпе түрінде ұшық шығады. Ұшық өте жылдам тарайды. Сондықтан басқа аймаққа жұқтырып алудан сақтаныңыз. Әсіресе, бұл уақытта жыныстық қатынастан бас тартқан дұрыс. Оған қоса, жүйкеге салмақ түсірмеңіз, ауыр зат көтермеңіз, физикалық жүк арқаламаңыз. Тамақтануға өте мұқият болыңыз. Мейлінше құрамы ақуыз бен дәруменге бай тағамдарды тұтыныңыз.


Дәрігерлер бүгінгі күнге дейін ұшық инфекциясын толығымен емдейтін дәрінің жоқтығын жасырмайды. Бірақ ұшықты кетіру үшін «Ацикловир» деген жақпа майды ұсынады.

фото: traveltimes.ru


Ал халық емі ұшықты кетіру үшін мына әдістерді ұсынады:

  • Жарты шыны йогуртқа 1 шай қасық ерітілген қантсыз кофе, 1 ас қасық бал, 1 ас қасық ұн және 2 тіс езілген сарымсақты қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоймалжыңды ұшыққа жақсаңыз, ертеңіне-ақ керемет нәтижесін көресіз.

Емді күніне 1 рет жасау керек.

  • Таңқурайдың бұтағын кесіп алып, қайнаған сумен жуыңыз. Сосын оны аузыңызға салып, жақсылап шайнайсыз. Езбені ұшыққа жағып, 10-15 минут жатыңыз.
  • 1 бас сарымсақты сарымсақсыққышпен езіңіз. Оған бірдей көлемде бал мен алма сірке суын араластырып, ұшыққа жағасыз. Емді күніне 2 рет қайталауға болады.
  • 250 гр. қызылшаның сабағын езіп, шырынын аласыз. Оған 2-3 дана сәбіздің шырынын, 1 дана алма мен 1 бума ақжелкен шырынын араластырыңыз. Дайын болған емдік шырынды ішесіз. Бұл шырының құрамы бета-каротинге, аскорбин қышқылына, биофлавоноидқа, мырышқа өте бай. Ал бұл заттар өз кезегінде кез келген вирусты жоюға қабілетті.
  • 4 ас қасық үгілген бүргенді стақанға саласыз. Үстіне қайнаған су құйып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 4 сағаттан соң дайын болған тұнбаны 4-ке бөліп ішіңіз. Емді күніне 4 рет қабылдау керек.
  • 2 стақан қайнаған суды термосқа құясыз. Оған 2 ас қасық жаужапырақ үгіндісін араластырып, бетін жауып қойыңыз. Тура 1 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан күніне 3 рет ішіңз. Емді тамақтанудан алдын қабылдау керек.
  • 1 ас қасық қырмызыгүл (календула) үгіндісіне 2 ас қасық зәйтүн майын араластырып, ұшыққа жағыңыз. Емді 2 рет қайталаған соң-ақ оң нәтижесін байқайсыз.
  • 1 ас қасық жалбыз (мята) үгіндісін 1 стақан суға салып, араластырыңыз. Ал стақанды қайнап тұрған суға салып, 15 минут бұлау жасайсыз. Осы уақыттан соң сүзіп алып, ұшыққа сіңдіріп жағыңыз.

Инфекцияның, вирустың салдарынан шыққан ұшықты емдеу уақыт алады. Бірақ денеңіздің басқа жеріне, жақындарыңызға, балаларыңызға жұқтырып алмау үшін гигиеналық тазалықты сақтаңыз.


Ұшықты емдеу үшін жасаған әрбір еміңізден соң қолыңызды сабынмен жақсылап жуыңыз. Таза үтіктелген сүлгімен сүртіңіз. Су, тамақ ішкен ыдыстарыңызды мұқият жуыңыз. Мүмкіндігінше, өзіңіз пайдаланған ыдысты, сүлгіні, киім-кешекті өзгелердің қолдануына жол бермеңіз. Сақтансаңыз, бүкіл отбасыңызды сақтайтыныңызды ескеріңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз

Дереккөз: apteka72.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ДЕПРЕССИЯҒА түссеңіз БАНАН жеңіз


Үйдегі ДӘРІҚОБДИШАДА болуы керек ДӘРІ-ДӘРМЕК


СҮЙЕЛДІ кәдімгі ЖОЛЖЕЛКЕН кетіреді