​Көктемгі АЛЛЕРГИЯНЫ кәдімгі БАЛМЕН емдеуге болады

0
5 736

Киви, көк пияз, ашытылған қырыққабат, цитрусты жемістер мен қарақат...


​Көктемгі АЛЛЕРГИЯНЫ кәдімгі БАЛМЕН емдеуге болады

фото: lady.tochka.net

Аллергияның жеңіл түрін ғана халықтық әдіспен емдеуге болады. Емді бастаудан алдын денені толық түрде тазарту және оның қорғаныс қасиеттерін арттыру қажет. Денені тазартудың және иммунитетті арттырудың көптеген жолдары бар. Өзіңізді жақсы сезінген кезде сұлулығыңызға да үлкен пайда әкелетінін ұмытпаңыз! Үйде аллергияны халықтық әдіспен қалай емдеу керектігі туралы төменде толық жазылған.


Денені тазарту үшін 1 апта бойы белсендірілген көмірді (дене салмағының 10 келісі үшін бір таблетка) ішіңіз. Осыдан кейін күн сайын 5 күн бойы алма мен қияр шырынын араластырып ішесіз. Оған қоса, сүт өнімдерін көбірек тұтыныңыз. Таңғы асқа жейтін ботқаны тек суға пісіріңіз. Таңертең балғын алма жеңіз. Қара шай мен кофеден мүлдем бас тартуға тырысыңыз. Ашытқы нандарын тұтынуды азайтыңыз.

Оның орнына құрамы С дәруменіне бай тағамдарды көбірек жеңіз. Сонымен қатар, киви, көк пияз, ашытылған қырыққабат, цитрусты жемістер мен қарақатты үзбеуге тырысыңыз. Одан бөлек, таза ауыз суды көбірек ішіңіз.

фото: medictionary.ru

Дұрыс тамақпен бірге халықтық әдісті де қоса жасаңыз.

  • Күнде тамақтан соң 1 ас қасық бал жеуге әдеттеніңіз. Егер балдың өзін жеу қиынға соқса, онда 1/2 стақан жылы сумен араластырып ішесіз. Емді ұйқыға жатар алдында жүргізу керек.
  • 1/2 стақан қайнаған жылы суға 2 шай қасық бал мен 2 шай қасық табиғи алма сірке суын араластырыңыз. Емдік сусынды таңғы астың алдында және ұйқыға жатар алдында ішу керек.
  • 1 гр. мумиені 1 лирт суға ерітіп аласыз. Қою түсті ерітіндіні 100 мл сүтпен араластырып ішіңіз. 1-3 жастағыларға 50 мл-ден, 4-7 жастағыларға 70 мл-ден, ал 8 жастан асқандарға 100 мл-ден ішу керек. Емделу мерзімі – 20 күн. Бұл емді жыл сайын көктем мен күзде қабылдау керек.
  • 2-3 дана жұмыртқаның қабығын тазалап жуып алып, кептіріңіз. Әбден кепкен кезде жақсылап ұнтақтайсыз. Құрамы пайдалы заттарға бай үгіндінің 1/3 шай қасығына 2 тамшы лимон шырынын араластырып, ішесіз. Емді тамақтан кейін қабылдау керек.
  • 2-3 ас қасық түймедақты 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 1 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, татымына қарай бал мен қант қосасыз. Дайын болған тұнбаны шай ретінде ішесіз. Түймедақ тұнбасы аллергияны емдеумен қоса, ағзаны қуаттандырып, теріні тазалайды.

Ал аллергияның салдарынан көзіңіз жасаурап, су ағатын болса, онда түймедақ тұнбасымен көзіңізді жуыңыз.

фото: sovkusom.ru


  • Таза піскен лимонды қабығымен жеңіз. Оған қант қосуға немесе шайға салып ішуге болмайды. Лимонды жеген соң 1 сағатқа дейін ештеме ішіп-жеуге болмайды. Аталған емді әр 2-4 сағат сайын қайталау керек. Емді мейлінше ашқарынға жүргізіңіз.
  • 2 шай қасық табиғи алма сірке суын 1 стақан қайнатылған жылы суға араластырыңыз. Тұнбаның 3/1 бөлігін аз-аз жұтымнан ішіңіз. Қалғанымен тамағыңызды шаю керек.
  • 1/2 стақан сұйық балға 1 ас қасық 10 пайыздық балауыз бен 2 ас қасық каланхоэ шырынын араластырыңыз. Ддайын болған қоспаны тамағыңызға жағасыз.
  • 1 стақан қайнаған суды термосқа құясыз. Оған 1 стақан анардың үгілген қабығын салып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 20 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 0,6 стақаннан күніне 3 рет ішіңіз. Аталған тұнбамен тамағыңызды шайсаңыз да керемет ем болады.
  • 1 ас қасық кептірілген қаражидек жапырағын 1 стақан қайнаған суға саласыз. Шамамен 40 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ішіңіз. Бұл тұнба тамақ ауруларына керемет ем болады.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз

Дереккөз: allergiya5.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АЙРАНҒА таза БАЛ қосып ішсеңіз АНЕМИЯДАН құтыласыз


Қанның ҚОЮЛАНУЫ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?


ЖЕТІ дана ІНЖІР іріңдеген АНГИНАҒА ем болады