ҚЫЗАНАҚ​ шырыны іштің ҚАТУЫН болдырмайды

0
5 328

ҚАШАН және ҚАЛАЙ ішу керектігі төменде жазылған


ҚЫЗАНАҚ​ шырыны іштің ҚАТУЫН болдырмайды

фото: food-tips.ru

Қызанақ шырыны халықтық медицинада ерте кезден қолданылып келеді. Әсіресе асқазан-ішек жолдарының жұмысы бұзылғанда қызанақ таптырмайтын «дәрі». Емдік қасиеті өте жоғары бұл көкөніс ауруды түбегейлі жойып жібермесе де, жеңілдететін қасиетке ие.


Іш неліктен қатады?

Іш қату көбіне ішек жұмысы бұзылуынан туындайды. Сонымен қатар, ішкі ағзалардың қалыпты жұмыс істеуі де маңызды. Бұлай болмаған жағдайда іш қату міндетті түрде орын алады. Бұдан бөлек дұрыс тамақтанбау да, құрамында жасұнығы жоқ азық-түліктер де, басқа да тағамдар әсер етеді.

Созылмалы іш қатуды болдырмас үшін асқазан-ішек жұмысының белсенді болуына ықпалын тигізетін азық-түліктерді пайдаланған дұрыс. Солардың бірі – қызанақ деп айта аламыз.

Егер сіз созылмалы іш қатудан зардап шегіп жүрген болсаңыз, химияық қоспалардан тұратын препараттарды қабылдауға асықпаңыз. Оның орнына ағзаңызға қандай тағамның кері әсер еткенін ойланып көріңіз. Себебі мұндай препараттарды жиі қабылдау ішек-қарын жолдарының жұмысын бұзып, белсенділігін төмендетеді.

фото: diet.boltai.com

Қызанақ ішек жұмысын жақсартып, іш қатуды жояды. Ол үшін мынадай халықтық тәсілді қолданып көріңіз.

  • 3 стақан қызынақ шырыны мен 1 дана тұрыптың жаңа сығылған шырынын араластырып, азырақ тұз қосып, күніне 4 рет ішесіз. Ем кезінде қуырылған, майлы тағамдарды жеуге болмайды. Диеталық тағамдарды тұтынып, ішекке ауыр салмақ түсірмеңіз. Емдік курсты 3 күнге дейін созуға болады.
  • 3-4 дана көк алманы үккіштен өткізіп, балғын қызанақ шырынымен араластырыңыз. Қызанақ шырынының орнына балғын қызанақтың өзін қоссаңыз да болады. Қызынақты жақсылап езу керек. Дәмі кіру үшін аз көлемде қант қосыңыз. Сосын 3-4 сағат сайын қабылдайсыз. Ем кезінде басқа тағам жемеген дұрыс.
  • 4 стақан балғын қызанақ шырынына 250 гр. жаңа сығылған қияр мен 2-3 ас қасық балдыркөк шырынын шырынын араластырасыз. Әрбір жеңіл тамақтанып болғаннан кейін, жарты сағаттан соң дәріні іше беруге болады. Емдік курс – 3-4 күн бойы жалғасады.

фото: ireallylikefood.com


Асқазан жарасы мен аш ішек ауруларында науқастар іш қатудан үнемі зардап шегеді. Жүрек айну мен лоқсу да пайда болады. Осындай жайсыздықтың бәрі адамның мазасын кетіріп, әлсіздендіреді. Ал, қызанақ шырынын ішсеңіз бұл аурудан тез айыға аласыз.

  • Егер асқазанды қызанақ шырынымен емдеуді бастағыңыз келсе, жаңа сығылған шырынды тамақтан кейін, күніне 3-4 рет ішесіз. Бұл емдік шараны 15-20 күнге дейін жалғастыруға болады. Содан соң 7-10 күндей үзіліс жасап, емді қайтадан жалғастырасыз. Бұл жолы емді 14 күнге дейін созуға мүмкіндігіңіз бар.
  • Асқазанда жара пайда болса бұрынырақта көптеген емшілер мына тәсілді қолданған екен. 200 гр. асқабақты жақсылап езіп, азырақ сары май қосып араластырады. Сосын осы араласпаны 2 стақан қызанақ шырынына қосу керек. Тұз қосуға болады. Барлығын жақсылап араластырып, күніне 2 рет, тамақтан кейін, 20-30 минуттан соң ішесіз. Апта бойы емді жалғастырасыз. Арада 5-7 күн үзіліс жасағаннан кейін, емді тағы да 5-7 күн қабылдайсыз. Осылайша халықтық емінің көмегімен, іш қатудан да, асқазақ жарасынан да құтылуға болады екен.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Материал түрлі дереккөзінен алынды


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жиі АУЫРАТЫН балаға МЫНА әдісті жасаңыз


БАЛ + ШАЙ = ҰЙҚЫСЫЗДЫҚТАН арылтады


ҚАЙЫҢ бүршігі БУЫН ауруын емдейді