​ЛАВР жапырағы ИММУНИТЕТТІ көтереді

0
3 270

Нәтижесінде ағзаңызды қуаттандырып, стресс пен аурудың алдын аласыз.


​ЛАВР жапырағы ИММУНИТЕТТІ көтереді

фото: grizun-off.ru

Салқын ауа райында адам ағзасы суыққа төтеп бере алмайды. Тез ауырып, сырқаттануға бейім келеді. Себебі күннің көзі азаяды, балғын жемістер мен көкөністерді жей алмаймыз. Сондықтан ағза қажетті дәрумен мен минералды алмайды. Салдарынан тез шаршаймыз, ұйқымыз қанбайды, белсенділігіміз төмендейді. Мұндай жайсыздыққа жол бермеу үшін иммунитетті көтеруіміз керек. Ол үшін дәріханадан дәрі, дәрумен сатып алудың қажеті жоқ. Үй жағдайында мына әдісті қолдану арқылы ағзаны қуаттандырып, иммундық жүйеңізді нығайта аласыз.

Бұл емді мейлінше денсаулығыңыз жақсы кезде жасаңыз. Ал егер ауырып жүрсеңіз де, қолдануға болады. Есесіне, дертіңізден тез айығып, аяғыңызға нық тұрасыз. Өздеріңіз білетіндей бал, лимон, сарымсақ пен пияз – вирус пен микробты жоятын ең танымал «дәрі». Оған қоса, иммунитетті нығайтуға қабілетті. Ендеше, дәрумендер мен минералды заттарға бай қоспалардың көмегімен иммунитетімізді көтерейік...

фото: vsudu-sport.ru

Иммунитетті көтеретін дәрумен

Бұл сусындар иммундық жүйені нығайтып, қажетті дәруменді ағзаға сіңіреді. Нәтижесінде ағзаңызды қуаттандырып, стресс пен аурудың алдын аласыз.


  • Дәруменге бай нәрсу

Бірдей көлемде кептірілген жалбызды (мята), жаужапырақты (мелисса), күреңот (иван-чай) пен каштан гүлін араластырыңыз. Емдік шөптің 5 ас қасығын ыдысқа саласыз. Үстіне 1 литр қайнаған су құйып, бірнеше минут баяу отта қайнатасыз. Осы уақыттан соң оттан алып, бетін жауып қойыңыз. Тура 2 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 2 литр кез келген жеміс-жидектен дайындалған қантсыз нәрсу қосасыз. Дайын болған емдік нәрсуды жарты литрден күні бойы ішіп тауысасыз.


  • Итмұрын шайы

100 гр. итмұрын жидегін 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 1,5-2 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан ішіңіз. емді тамақтан соң жүргізу керек. Аталған тұнбаны қара немесе көк шайға араластырып ішсеңіз де болады.


  • Мүкжидектен дайындалған морс

500 гр. мүкжидекті жақсылап жуып, езесіз. Сөлін басқа ыдысқа құйып қойыңыз. Ал езілген жидекті кастрөлге салыңыз. Үстіне 2 л су құйып, отқа қоясыз. 3-5 минут қайнаған соң оттан алып, сүзу керек. Емдік қайнатпаға 2 ас қасық бал мен мүкжидек шырынын араластырып, күніне 2-3 рет ем ретінде ішіңіз.


  • Шырғанақ тұнбасы

3 ас қасық шырғанақ (облепиха) жидегін езесіз. Оны 1 л қайнаған суға салып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 2 шай қасық бал мен 1-2 тілік лимон араластырыңыз. Дайын болған сусынды 1 стақаннан ішесіз.


  • Зімбір нәрсуы

3-5 гр. зімбір тамыры мен 4/1 бөлік лимонды қабығымен ұнтақтаңыз. Қоспаға 250 мл қайнаған су құйып, бетін жайып қоясыз. Бөлме температурасында салқындаған кезде 2-3 шай қасық бал араластырып, ішесіз. Емді таңертең ашқарынға қабылдау керек.


  • Лавр жапырағының қайнатпасы

300 мл суды ыдысқа құйып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң 10-15 дана лавр жапырағын салып, тағы да 5 минут қайнатасыз. Сосын оттан алып, термосқа құйып қойыңыз. Шамамен 4 сағаттан соң дайын болған сусынды сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішіңіз. Емді бір ай бойы жүргізесіз.

фото: azbukadiet.ru


Иммунитетті нығайтатын пайдалы қоспа

Еттартқыштың немесе блендердің көмегімен пайды әрі дәмді қоспа әзірлеңіз. Оны көп көлемде жеп таусытудың қажеті жоқ. Бар болғаны 2 қасықтың өзі керемет нәтиже береді.


  • Кептірілген жемістен қоспа

100 гр. кептірілген өрікті, 100 гр. қара өрікті, 100 гр. мейізді, 200 гр. грек жаңғағын және 2 дана лимонды қабығымен блендерға салып, жақсылап езесіз. Езбеге 150 гр. табиғи бал араластырып, шыны банкіге құйып қойыңыз. Дайын болған дәруменге бай қоспаны күніне 1 рет 1 ас қасықтан тамақтан алдын қабылдайсыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтау керек.


  • Ақжелкек пен бал қосылған қоспа

Таза әрі құрғақ ақжелкектің тамырын блендермен езіп алыңыз. Оған бетін толық жапқанша ыстық су құясыз. Ыдыстың бетін жауып, 2 сағатқа қалдырыңыз. Белгіленген уақыттан соң сүзіп алып, бірдей көлемде бал араластырасыз. Дайын болған қоспаны 1 ас қасықтан таңертең және кешке қабылдау керек.


  • Қарақұмық қоспасы

500 гр. таза әрі құрғақ қарақұмықты езесіз. Оған 500 гр. грек жаңғағының үгіндісі мен 500 гр. бал араластырыңыз. Дайын болған қоспаны 1 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдайсыз. Емді 1 ай бойы үзбей жүргізсеңіз, иммундық жүйеңіз нығайып, ағзаңыз кез келген дертке қарсы күресуге күш алады.


Міне, қыс бойы суықтап ауырғыңыз келмесе, осы қоспаны жасап қойыңыз. Бұл емді ересектерден бөлек, балалар да қабылдаса болады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: ogorod.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


СУЫҚТАП қалсаңыз осы СУСЫНДЫ ішіңіз


ТҮЙМЕДАҚ тұнбасы ГАЙМОРИТТІ емдейді


ОҚУШЫНЫҢ ас мәзірінде БҰЛ ТАҒАМДАР міндетті түрде болуы керек (дәрігер жауабы)