​Маса шағып мазаласа денеңізді бананның қабығымен сүртіңіз

0
12 079

Осы кезде бананды қабығынан сылып алып, маса шаққан жерді ысқылайсыз.


​Маса шағып мазаласа денеңізді бананның қабығымен сүртіңіз

Фото apest.ru

Жаз мезгіліндегі басты жауымыз – маса. Оған таланбауға қанша тырысқанымызбен қайдан келіп қалатыны белгісіз, шым еткізіп шағып кетеді. Орны қышып мазаңызды алатыны тағы бар. "Қанішер" жәндіктің салып кеткен "белгісін" қасыған соң не болатыны өздеріңізге де белгілі. Аллергияға бейім жандардың денесі бөртіп, қызарып кетсе, енді бірі бетін тырнап жара етпейінше тынбайды.

Ал кішкентайларды сабырға шақыру мүмкін емес. Шырылдап шаққан жерді қасиды. Осы кезде тез арада бананның қабығын сылып алып, маса шаққан жерді ысқылайсыз. Сол сәтте-ақ балапаныңыздың ашуы басылып, мазасызданбайды. Бұл әдісті өзіңізге де қолданып көріңіз. Іскені басылып, қышығаны тоқтайды.

Тағы бір ең жеңіл тәсіл – сілекей. Маса негізінен шырт ұйқыда жатқанда шағады. Ол кезде орныңыздан тұрып, мазь, крем алып жағуға ұйқыны қимайтыныңыз анық. Дереу сілекейіңізді жағыңыз. Гигиенаға сай келмесе де, қышығаны басылып, ұйқыңыз тыныш болады.

Оған қоса, үй жағдайында түрлі ем жасауға болады. Атап айтқанда:

* Тіс пастасы. Мейлінше құрамында ментол бар пастаны қолданғаныңыз дұрыс. Маса жаққан жерге пастаны жағып қойсаңыз, денеңіз қышымайды әрі бөртпейді;

* Ас содасы. 1 шай қасық соданы 1 ас қасық сумен араластырасыз. Дайын болған ботқаны маса жаққан жерге жағып, 15-20 минут жатасыз;

* Фурацилин. 1/2 стақан суға 1 дана фурацилин таблеткасын ерітесіз. Дайын болған ерітіндіге 3-4 қабатталған дәкені малып алып, маса шаққан жерге таңасыз. Осы емді 2-3 рет қайталасаңыз, денеңізде ізі де қалмайды;

* Спирт. 1 ас қасық спиртті 3 ас қасық сумен араластырып, маса шаққан жерге компресс жасайсыз. 10-15 минуттан соң емді тағы да қайталасаңыз болады.

* Пияз. Қабығынан аршылған пиязды жіңішке етіп дөңгелектеп тураңыз. Оны маса шаққан жерге қойсаңыз, қышығаны басылып, ісінуге жол бермейді;

* Мұз. Маса шаққан жерге мұздың да тигізер көмегі орасан. Ол үшін мұздатқыштағы кез келген мұзды алып, маса шаққан жерді сүртесіз;

* Жаңадан сығылған лимон немесе апельсин шырыны да маса жаққан жерге ем болады;

* Сарымсақ немесе қызанақтың тілігі де дененің бөртуіне тоқтау болып, қышығаны басылады.

* Балдың да масаға қарсы күресетін қасиеті бар. Ол үшін маса шаққан жерге жұқа етіп бал жағып, 15 минуттай жатасыз.

* Бірреттік қалташадағы шайды қайнаған суға салып алып, салқындаған кезде жарақатыңызға таңсаңыз, керемет нәтижеге куә боласыз.

Ләззат Ахметова,

ERNUR.KZ.