​МИ тамырларын ТАЗАЛАУ арқылы МЫНА аурудан айығасыз

0
16 147

Ол үшін 5 әдісті қолданыңыз.


​МИ тамырларын ТАЗАЛАУ арқылы МЫНА аурудан айығасыз

фото: medeponim.ru

Ми тамырларын тазалау арқылы инсульт немесе инфаркт алудан сақтанатыныңызды білесіз бе? Егер сіздің ми тамырларыңыз шлакқа толған болса, онда:

  • басыңыз айналады;
  • есте сақтау қабілетіңіз нашарлайды;
  • басыңыз ауырады;
  • ұйқысыздыққа тап боласыз;
  • ашуланшақ боласыз;
  • қан қысымыңыз көтеріледі;
  • есту, көру қабілетіңіз төмендейді.

Егер осы белгілерді байқасаңыз, дереу ми тамырларын тазалауды бастаңыз. Тазалану арқылы көптеген дерттің алдын аласыз. Ми тамырларын тазалауды әдетіңізге айналдырсаңыз, онда басыңыз, ойлау жүйеңіз, жүйкеңіз, миыңыз тамаша жұмыс істеп, барлық ауыртпалықтан айығады. Көңіл-күйіңіз көтеріліп, қуатыңыз артып, бойыңызды сергектік билейді.


Ендеше, мына 5 әдіс арқылы ми қантамырларын тазартып, денсаулығыңызды жақсартыңыз.

фото: m.nn.ru


1 әдіс – БАЛ мен ЖАҢҒАҚ

5 дана грек жаңғағын жақсылап ұнтақтайсыз. Үгіндіге 1 ас қасық табиғи жөке (липа) балы мен шым-шым даршын (корица) араластырып, тоңазытқышқа салып қоясыз. Шамамен 24 сағаттан соң дайын болған емдік қоспаны 1 ас қасықтан жейсіз. Емді тамақтанудан 30 минут алдын жүргізу керек.


2 әдіс – БАЛ мен ПИЯЗ шырыны

1/3 стақан пияз шырынына 1 стақан табиғи таза бал араластырасыз. Бұл емдік қоспаны 1 шай қасықтан күніне 3 рет қабылдайсыз. Емді тамақтанудан жарты сағат бұрын жүргізу керек.

Аталған тұнба ми тамырларын тазалап қана қоймайды, сонымен қатар иммунитетті көтереді.


3 әдіс – табиғи ШЫРЫН

Түскі және кешкі тамақтан 30 минут бұрын жарты стақан анар шырынын ішіңіз. Ем үшін анар, алма және сәбіз шырындарын таңдайсыз. Сөйтіп күнсайын кезектестіріп күніне 2 рет ішіп жүресіз.

Мейлінше дүкеннен сатып алмаңыз. Аталған жеміс пен көкөністі сатып алып, өзіңіз қолыңызбен дайындаңыз. Бұл табиғи шырындардың пайдасы мол әрі тазалау күші керемет екенін ескеріңіз.

фото: uta-clinic.ru

4 әдіс – ТҮЙЕЖАПЫРАҚ тұнбасы

10 гр. кептірілген түймежапырақ (лопух) тамырын термосқа саласыз. Үстіне 200 гр. қайнаған су құйып, қақпағын мықтап жабасыз. Шамамен 8-10 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, салқын жерге қойыңыз. Емдік қасиеті мол тұнбаны 4 ас қасықтан таңғы астың алдында ішесіз. Емделу ұзақтығы – 1 ай.


5 әдіс – пайдалы АЗЫҚТАР

Жалпы жағдайыңызды жақсартып, ми тамырларын, ағзаны, қанды шлактан, улы заттан тазартқыңыз келсе, онда таңғы астан 30 минут бұрын мына азықтарды жеуге әдеттеніңіз.

Олар:

  • 1 дана мандарин
  • 1 уыс мейіз бен грек жаңғағы
  • 1 стақан су.

Суды мандарин мен жаңғақты жеп болған соң шамамен 15-20 минуттан кейін ішесіз. Егер суға 1 шай қасық бал мен 1 тілік лимон араластырып ішсеңіз, онда емдік қасиеті еселеп артады. Нәтижесінде ағза мен терінің саулығы артып, жалпы жағдайыңыз жақсарады. Иммунитетіңіз нығайып, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Жүйкеңіз тынығып, ми жасарады. Бір сөзбен айтқанда, ұйқыға кетіп жатқан миды сергек қалпында оятасыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Дереккөз: ochishchenie.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Асқабақ ДӘНІ мына 10 ауруға ЕМ болады


ЗІМБІР шайы қандай АУРУДЫ емдейтінін білесіз бе?


Күнде СҮЗБЕ жесеңіз қандай АУРУДЫҢ алдын алатыныңызды білесіз бе?