Бұл ТАМШЫНЫҢ нәтижесіне ТАҢ ҚАЛАСЫЗ
фото: happiness-and-beauty.ru
Мұрынның бітелуі – тұмау ауруының алғашқы белгілерінің бірі. Егер дер кезінде ем қабылдамасаңыз, асқынып мұрынның шырышты қабығының суықтауына әкеледі. Мұрын көбінесе ұйқыға жатқан кезде бітеліп, мазаңды алады. Мұрынның бітелуін химиялық дәрінің көмегінсіз-ақ тез күнде емдеуге болады. Ол үшін біз ұсынған мына әдістің біреуін жатар алдында қолданыңыз. Нәтижесін бір реттен соң-ақ байқайсыз.
ШӨП ТҰНБАЛАРЫ
фото: yandex.ua
1. Тұнбаны дайындау үшін 1 стақан салқын суға 1 ас қасық үгілген түймедақ (ромашка) гүлін салып, отқа қоясыз. Қайнауға дейін жеткен кезде, отты өшіру керек. Салқындаған кезде тұнбаны сүзіп алыңыз. Дайын болған емдік тұнбаны мұрныңызға 2 тамшыдан тамызасыз.
Ескеріңіз, тұнбаны қолданатын кезде жылы болуын қадағалаңыз.
2. Ұнтақталған 1 ас қасық жолжелкенді (подорожник) 1 стақан қайнаған суға саласыз. Тұнба бөлме температурасында салқындаған кезде сүзіп алып, мұрныңызға 1 тамшыдан тамызасыз. Емді күніне 3-4 рет қайталауға болады.
АЛОЭ ШЫРЫНЫ
фото: uromens.ru
Алоэ жапырағын езіп сөлін аласыз. Дайын болған сөлді 5 тамшыдан күніне 3-4 рет тамызыңыз. 3 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға 3-4 тамшыдан, ал 3 жасқа дейінгі балаларға 2-3 тамшыдан тамызсаңыз, мұрынның бітелгенін тез емдейді.
ТЕҢІЗ ТҰЗЫ
фото: med-look.ru
Құрамында бояғыш заты мен иістендіргіш қоспасы жоқ теңіз тұзын таңдап алыңыз. Оның 1 шай қасығын 1 стақан жылы суға саласыз. Тұз ерігенше мұқият араластыру керек. Дайын болған тұзды суды кез келген жастағы адамдарға қолдануға болады.
Тұз су – тұмауды, суықты және инфекциялық ауруларды емдейді.
ҚЫМЫЗДЫҚ ТҰНБАСЫ
фото: skolkovarim.com
1 шай қасық ұнтақталған қымыздық (щавель) тамырын 1 стақан қайнаған суға салыңыз. Ыдыстың қақпағын мықтап жауып, тұндырып қоясыз. Шамамен жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, жылы күйінде мұрныңызға тамызасыз. Емді күніне 2-3 рет қолдану керек.
КӨКӨНІС ШЫРЫНЫ
фото: yandex.kz
Қызылша мен пияз шырынын бірдей көлемде араластырасыз. Оны жарты стақан суға қосып, мұрныңызды кезек-кезегімен шаю керек. Тіпті бұл қоспамен тамағыңызды, ауыз қуысын шайсаңыз да керемет ем болады.
БАЛ
фото: goodfon.ru
Табиғи балға стерилденген тампонды малып алып, мұрныңыздың бір тесігіне қоясыз. Сосын 10-20 минуттай жатыңыз. Енді емді екінші жолға қайталау керек.
ШЫРҒАНАҚ МАЙЫ
фото: yandex.com.tr
Тыныс жолдарын инфекциядан тазалайтын керемет емдік тәсілдің бірі – шырғанақ майы. Ол үшін майды 2-3 тамшыдан мұрныңызға тамызсаңыз болғаны. Егер май мен сәбіз шырынын бірдей көлемде араластырып қолдансаңыз, тіпті керемет болмақ.
1 стақан СҮТ + 10 дана БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР = ҚЫЖЫЛДАН 5 МИНУТТА құтқарады