3-ақ күнде нәтиже береді.
иллюстрациялық фото: nevyhealth.com
Жаз – шомылу маусымы. Күннің аптап ыстығында бассейнге барып жан сауғалайтындар жоқ емес. Бірақ бассейнге түсудің де өзіне сай талаптары мен ережелері бар. Таңның атысы, күннің батысы суда жүре беру денсаулыққа зиян. Шомылу кезінде ең алдымен денеміз, нақтырақ айтқанда теріміз зардап шегеді. Егер денеңіз күнге күйіп, теріңіз күлдіреп кетсе, мына әдісті қолданыңыз. 3-ақ күнде нәтиже береді.
КАРТОП
Шикі картопты майда үккіштен өтікізіп, күйген теріге жағасыз. Сыртынан дәке жауып, демалыңыз. Шамамен 30 минуттан соң жақпаны алып, денеңізді жылы сумен жуасыз.
ҚИЯР
иллюстрациялық фото: edaaa.ru
Қиярды да майда үккіштен өтікізіңіз. Дайын болған езбені жарақаттанған теріге жағып, дәкемен ораңыз. Шамамен 35 минуттан соң қияр езбесін тазалап алып, жылы сумен жуынасыз.
ЖҰМЫРТҚАНЫҢ АҚУЫЗЫ
Емдік мақсатта үй тауығының жұмыртқасын қолданғаныңыз дұрыс.
Жұмыртқаның ақуызы мен сарыуызын ажыратып алып, ақуызды мұқият көпіршітесіз. Дайын болған сұйықтықты күйген теріге жағып, жатыңыз. Ақуыз кеуіп, теріңіз тырыса бастағанда жылы сумен жуыныңыз немесе сулы шүберекпен мұқият сүртіп алуға да болады.
АЛОЭ
иллюстрациялық фото: la-kry.ru
2 дана алоэ жапырағын алып, еттартқыштан өткізіңіз. Езілген қоспаға аздап сүт араластырасыз. Дайын болған қоспаны күйген теріге жағып, сыртына дәке жабыңыз. Шамамен 35 минуттан соң қоспаны мұқият тазартып, зәйтүн майын жағыңыз.
Бұл емді 3 рет қайталасаңыз жеткілікті.
ШАЙ
Көк шайды ащы етіп демдейсіз. Аздап салқындаған кезде күйген теріге жағыңыз. Тіпті жапырақтарын теріге қойып, 25 минуттай демалыңыз. Бұл емді күніне үзбей 5 рет жасасаңыз, оң нәтижесіне қол жеткізесіз.
ШАЙҚУРАЙ
1 ас қасық ұнтақталған шайқурайды (зверобой) 200 мл қайнаған суға салып, отқа қоясыз. Баяу отта 10 минуттай қайнатып алып, тұндырып қойыңыз. Жылуы үйдің температурасына сай келгенде сүзіп алып, күйген теріге жағасыз. Емді әр 10 минут сайын, 1 сағатқа жалғастырасыз. Емделу ұзақтығы – 3 күн.
ҚАЙМАҚ
иллюстрациялық фото: sterhluki.ru
Үй немесе дүкенде сатылатын қаймақты алып, теріңізге сіңдіре отырып жағыңыз. Қаймақ ауырғанды басады, қызуыңызды көтермейді, теріңізді тезірек бұрынғы қалпына келтіреді. Емді күніне 2 рет қайталайсыз. Емделу мерзімі – 3 күн.
ҚЫРЫҚҚАБАТ
Ем ретінде ашытылған қырыққабатты қолданасыз. Тоңазытқыштағы мұздай қырыққабатты жарақаттанған теріге қойып, 10-15 минут жатыңыз. Емді күніне 3-4 рет қайталасаңыз, тез нәтиже береді. Қырыққабат күйген теріні тез қалпына келтіретін бірден-бір ем екенін ескеріңіз.
ТҮЙМЕДАҚ
1 ас қасық үнтақталған түймедақ (ромашка) шөбін 200 мл қайнаған суға салып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң бетін жауып тұндырыңыз. Шамамен 30-40 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, жарақаттанған тұсқа жағу керек.
ЕМЕН ҚАБЫҒЫ
Егер теріңіз тым қатты күйген болса ғана емен қабығының көмегіне жүгініңіз. Емдік тұнбаны дайындау үшін бізге 40 гр. ұнтақталған емен қабығы мен 1 стақан қайнаған су керек. Шөпті суға салып, отқа қоясыз. 10 минуттай қайнаған соң сүзіп алып, қолданыңыз.
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Аударған:
Ләззат АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
СУДА жүзгенде СІҢІР тартылса БАЛ көмектеседі