​ТІС ауруын 7 тамшы ЙОД емдейді

0
75 378

Қалай емдеу керектігіне назар аударыңыз...


​ТІС ауруын 7 тамшы ЙОД емдейді

фото: sovetguru.ru

Тіс ауруы аяқ астынан басталып, әп-сәтте әбіржітіп қоятыны бар. Тіс ауырғанда жедел жәрдем шақыра алмайсың. Жүгіріп тіс дәрігеріне де бара алмайсың. Өйткені тәулік бойы жұмыс істейтін стоматологияның өзі саусақпен санарлықтай. Сондықтан да тіс ауырған кезде әрбіріңіздің үйіңізден табылатын мына ғажайып заттарды дәрі ретінде қолдансаңыз болады. Сонымен үй жағдайында қалай емдеу керектігіне назар салыңыз...


ТҰЗ бен ЙОД

фото: badhairs.ru

Тағы оқыңыз:

ҚҰМ мен ТҰЗ - БЕЛ ауруынан айықтырады


1 стақан жылы суға 1 шай қасық ас тұзы мен 7 тамшы йод қосасыз. Тұз ерігенше жақсылап араластырыңыз. Дайын болған емдік сумен ауыз қуысын шаясыз. Бір шайғаннан-ақ тістің ауырғаны басылады. Емді күніне 3 рет қайталайсыз.


СУ мен СОДА

1 стақан қайнатылған жылы суға 0,5 шай қасық ас содасын араластырып, аузыңызды шайыңыз. Бұл тістің ауырғанын басады, қызыл иектің қабынуын емдейді әрі ауыздағы жағымсыз иістің жойылуына септігін тигізеді.


ҚЫЗЫЛША ШЫРЫНЫ

фото: kakprosto.ru

1 дана таза піскен қызылшаны шырынсыққыштан өткізіңіз. Дайын болған шырынның бір жұтымын ұрттап аузыңызда бірнеше минут ұстап тұрасыз. Бұл да тіс ауруына ем болады. Ал егер қызыл иек қанап жүрсе, онда қызылшаны жіңішке етіп турап, қызыл иегіңізге қоясыз.


МУМИЕ

Кез келген дәріхана сөрелерінен табылатын мумие ерітіндісінің де тіс ауруына ем болатын қасиеті бар. Ескеріңіз, мұны кішкентай балаларға қолдансаңыз, пайдасы көбірек болмақ.


АРА ЖЕЛІМІ мен АНДЫЗ

  • 0,5 литр араққа 100 гр. ұнтақталған андыз (аир) тамырын қосыңыз. Жақсылап араластырып, күн тимейтін жерге қақпағын мықтап жауып қоясыз. Шамамен 10 күннен соң дайын болған ерітіндімен ауыз қуысын шайсаңыз, тіс ауруынан түбегейлі құтыласыз.
  • 30 гр. ұнтақталған ара желімін 200 мл араққа салып, 10 күндей тұндырып қойыңыз. Белгіленген күннен соң тұнбаны тоңазытқышқа қоясыз. Қолданатын кезде тұнбаны жақсылап араластырып алып, ауыз қуысын шайыңыз.
  • Андыз тұнбасынан 1 ас қасық және ара желімінің тұнбасынан 0,5 ас қасық алып, араластырыңыз. Осы қоспаны аузыңызда 3 минуттай ұстап, сосын шаясыз. Дәмі ащылау болғанымен, емдік қасиеті орасан.


ТІСТІ АҒАРТУ ҮШІН

фото: otponosa.com

2 ас қасық табиғи сұйық балға 1 ас қасық йодталған тұз бен 1 шай қасық ас содасын араластырасыз. Қоспа біркелкі қоюланған кезде тіс щеткасының көмегімен тісіңізге жағасыз. 2-3 минуттай тісіңізді тазаласаңыз, жылтырап, ағарады. Емді аптасына 1 рет жүргізу керек.


ҚЫЗЫЛ ИЕК ҚАБЫНҒАНДА

3 шай қасық бал мен 3 шым-шым ұнтақталған түймедақты (ромашка) араластырыңыз. Оны 1 стақан жылы суға салып, бұлау жасайсыз. Ол үшін стақанды кастрөлдегі ыстық суға салып, жарты сағаттай бетін жауып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алыңыз. Салқындаған кезде ауыз қуысын шаясыз. Осылайша күніне 3-4 рет ем қабылдасаңыз, тіс ауруынан әп-сәтте құтыласыз.


ТІСТІ ЖҰЛДЫРҒАНДА мына сұйықтықпен аузыңызды шаясыз

4 гр. ас содасына 10 тамшы сутегінің асқын тотығы мен 3 тамшы лимон шырынын араластырасыз. Дайын болған қоспаны жұлынған тістің орнына қойыңыз. 2 минуттан соң аузыңызды жылы сумен шаясыз. Бұл емді 1 рет қана жасасаңыз жеткілікті болады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


7 дана ЛАВР жапырағы + 1 стақан СУ = денедегі ТЕРБӨРТПЕНІ кетіреді


АСҚАЗАН ауруына ЕШКІ СҮТІ ем болады