«21 ғасырдың Төлегені мен Бекежаны»: Мәдина Сәдуақасова екі жігіттің ортасындағы суретімен елдің назарын аударды

0
1 516

«Қос қыранның ортасындағы аппақ аққу»


«21 ғасырдың Төлегені мен Бекежаны»: Мәдина Сәдуақасова екі жігіттің ортасындағы суретімен елдің назарын аударды

Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова инстаграмдағы парақшасында «21 ғасырдың Төлегені мен Бекежаны десем» деп әдемі сурет жүктеп, жазба қалдырды. Яғни, бүгінгінің хитмен әншілері Қайрат Нұртас пен Нұрболат Абдуллиннің ортасында тұрған суретін жүктеді.


«Үшеуміз бір ән айтсақ па екен ? Әлде тағы да дуэт айтайын ба ? Кіммен?» деп оқырмандарына сауал тастады.



Бұл жазбаға әнші Нұрболат Абдуллин «Бекежан да нормально жігіт» деп жауап қалдырды.


Желідегі оқырмандар әдемі суретке тіпті, өлең шумағын шығарып жіберіпті.


«Сақталған адамдық құн ар-ибаңыз, Білгенге қазақ қызы әр үйде аңыз. Бекежан-Төлегенге көрік берген, Өзің ғой Қызылордалық Мадина-қыз!» десе, тағы бір оқырман «Қос қыранның ортасындағы аппақ аққу», «Көйлек әдемі, өзің өте таңғажайып», «Жібекпін дейсіз ғой», «От болады, үшеуіңіз айтыңыздар» деп жазды.