Желідегі бейнежазбадан өнер иесінің іші айтарлықтай шығып қалғанын аңғаруға болады.
Танымал әнші Дильназ Ахмадиева 39 жасында алғаш рет ана атанбақ. Өнер иесінің көптен жасырып жүрген құпиясын өнердегі әпкелері продюсер Баян Алагөзова мен отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ашты. Олар желіге әншінің аяғы ауыр екенін дәлелдейтін бейнежазба жариялаған.
Дильназ Ахмадиевадан бөлек, аталмыш видеодан әнші Ғалия Маратқызы, тележүргізуші Аша Матай мен белгілі әзілкеш Мейіржан Түребаевтың жары Дана Есееваны да көруге болады.
Еске сала кетейік, Дильназ Ахмадиева екінші мәрте тұрмысқа шыққанын өзі хабарлаған болатын. Соңғы сұхбатында әнші жаңа мәртебесі туралы ашық айтқан. Ол кез-келген түсірілімге келіспес бұрын күйеуінен рұқсат сұрайтынын да жеткізген.
"Мен тұрмыстағы әйелмін. Фильмде ойнамас бұрын мен күйеуімнен рұқсат сұраймын. Егер рұқсат етсе, әрине, ойнаймын. Мен өмірімді көрсетіп, бұл туралы сөйлескенді ұнатпаймын, әрине, менің күйеуім бар, мен оны жасырмаймын"- деді Дильназ.
Әншінің таңдауы Әзілхан Сейітбаев есімді музыкантқа түскен. Сүйіктісі Дильназдан 6 жас кіші.