6 жасына дейін емізік емген Ержан Максим, 7 жасында жеке концертін өткізген

0
2 196

"Кішкене сорып алайыншы", - деп жылайтынмын


6 жасына  дейін емізік емген Ержан Максим, 7 жасында жеке концертін өткізген

Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Жас әнші Ержан Максим Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жеке ән кешіне қызу дайындық үстінде. Бұл оның екінші шығармашылық концерті болады. Оның ең алғашқы ән кеші 7 жасында өзінің туған жерінде өткен. Бұл туралы Хабар арнасындағы "Қарақатпен шәй" бағдарламасында айтылды.

Мектепке қадам басар шағында-ақ елдің ыстық ықыласына бөлене білген жас талант, Оралдық көрерменді әнмен сүйсінткен көрінеді. Ал, көпшіліктен жиылған қаражатты толығымен қайырымдылыққа жұмсапты. Әкімдіктің қолдауымен өткелі жатқан екінші есеп беру кешіне дайындығы ерекше екен.

"Дайындық өте жақсы. Өмірімде екеінші рет концерт беріп жатырмын. Бірінші, Оралда бергенмін өзім жеке концерт. Қайырымдылық кеш жасағанмын. Сол бір ауру балаға өзімнің тапқан еңбегімді қолына бердім. Ал, енді екінші рет үлкен концертім болайын деп жатыр. Ол концертте мен ән айтамын. Ұлықпан Жолдасыов келеді. Мөлдір Әуелбекова болады. Ринат Гайсин ағам келеді. Сәкен Майғазиев ән айтады",- деді Ержан Максим.

Бір қызығы, жас әнші өзінің алғашқы көнцертіне дейінгі уақыттарда емізікті ауызынан тастамайтын бала болған екен. 6 жасына дейін анасымен алысып жүріп еметін болғанын ерекше еске алып айтып берді.

"Мен 6 жасыма дейін соска емгенмін. Мамам мен папам маған сынбайтын машина алып берген болатын. Бұл бала-бақша кезінде. Сол кезде менің соскам жоғалып қапса, тауып беріңдер деп айғайға басатынмын. Онсыз ұйықтамаймын. Түнде де сорып жатамын, түс кезінде де сол соска сорамын. Кеін садикке кетіп бара жатып: "Мама беріңізші кішкене сорып алайыншы!" деймінде соңында, қимай беріп кетемін",-деп Ержан Максим өзінің балалық күніндегі естеліктерімен бөлісті.

ERNUR.KZ