​«9 ай бойы жасырып келдім»: Төреғалидің қарындасы балалы болғанын айтты

0
1 224

«Сіңлісінің баласын асырап алған сияқты...»


​«9 ай бойы жасырып келдім»: Төреғалидің қарындасы балалы болғанын айтты

Әнші Төреғали Төреәлінің туған қарындасы, блогер Фариза Төреәлі бөпелі болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады.


«Раббымыз бізге ата-ана болу бақытын нәсіп етті, Аллаға шүкір! Біз көп күткен бақыт.. біз көп тілеген бақыт. Бұл сезімдерді сезінуді бұйыртты. Шексіз мадақтар менен мақтаулар болсын!


9 ай бойы жүктілігімді көпшіліктен жасырып келдім, себебі тіл-көзден барынша сақтандым. Алла қалап, дүниеге сәби алып келіп, бәрін сезініп бастағанымыз сол еді, артынша денсаулығыма байланысты жағымсыз жайттар орын алды. Жақындарымыздың бәрі дайындалып, роддомнан шығаруға ұшып келіп, дәл выписка күні анализдер нәтижелері дұрыс болмай, шығармай қойған еді. Бірнеше күндерден соң толық тексеріс керек екендігін, содан соң диагноз қойылатынын айтып шығуға рұқсат берді. Ұзақ күткен бақытты күнімізде солай қалай қуанарымызды білмей қалдық, түрлі сезімдер ойнап жатты. Бірден Түркияға баруға жолдасым тез шешім қабылдап, келесі күні 7 күндік баламызды қалдырып кетуге мәжбүр болдық. Бұл да Алланың жоспары. Енді ғана босанған әйел үшін түрлі-түрлі эмоцияларды бастан өткізу оңай болмады, әсіресе, қиынға соққаны - бөпемді қалдыру. Ең бастысы, бәрі артта қалып, оңынан реттелді.


Сіздермен қуанышпен бөлісіп, сәби дауысын аңсап жүрген әр отбасыға шын жүректен жұғысты болсын дегіміз келеді. Дәл қазір бөпеміздің жанынында аман-есен отырған әр минутымыз үшін шүкір етіп отырмыз. Әлі айтатын да, бөлісетін де қызық көп», деп жазды Фариза Төреәлі.


Еске сала кетейік, Төрештің қарындасына таяуда ғана қазақстандық дәрігерлер «ұйқы безінде қатерлі ісік бар» деген диагноз қойған. Әншінің отбасы қыздарын Түркияға жіберіп, толық тексерістен өткізіп, диагноздың қате болғанын жеткізген болатын.


Фариза мен Дархан осыдан 4 жыл бұрын отау құрған. Дархан Нортаев спорттың джиу-джитсу түрі бойынша Азиада ойындарындағы алғашқы чемпион болған. Танымал жұп бір жыл АҚШ-тың Нью-Йорк штатында тұрып келді. Қазір екеуі әлеуметтік желі арқылы әртүрлі курс сатып, адамдарға бизнестің қыр-сырын үйретіп жүр.


Айта кетейік, Фаризаның әлеуметтік желідегі оқырмандары таңғалыстарын жасырмады. "Бұл қалай, шок қылдыңыз ғой. "Жүктімін" деп айтатын күнді күтіп жүрсек, сразу баланы көрсетіп тұрсыз. Сене алар емеспін", "Сіңлісі Тәтті қыздың баласын асырап алған шығар, себебі соның іші білініп жүрді ғой", "Базар жоқ, қалай жасырды?", "Осылар асырап алды-ау, әйтпесе Ерке Есмахан, Алтынай Жорабаевалар сияқты суретін салар еді ғой" деп жазды көпшілік.