"Ағамның қызына "мама" болыппын": Төреғалидың қарындасы жан сырын ақтарды

0
1 279

Дина Төреәлі: "Кәусар менсіз ұйықтамайтын"


Белгілі әнші Төрағали Төреәлінің кіші қарындасы Қызылорда қаласына тұрмысқа шыққан еді. Дина Төреәлі де желіде танымал, өте белсенді жандардың бірі. Бүгін ағасының үлкен өызымен кездескен ол, өзінің 4 жыл бұрынғы жан тебірентер естеліктерімен бөлісті.

Өзі кішкентай болса да, ол ағасының қызының емі үшін Қызылордада жарты жылдай уақыт тұрған екен.

"Сол кезде бала қарау, тамақ дайындау дегеннен жалыққан сияқтымын"-, дейді жас келін Дина. Сондай-ақ ол кезде өзінің ақша таппайтынын, мамасы берген ақшаны үнемдеп жаратып жүргенін жазыпты.

"Осы кезде мамасының рөлінде болыппын" деген Дина, Қызылордадан сол кезде қайтқанында "Өлсем де Қызылордада тұрмайтын едім" деп айтқанмын дейді. Ал 4 жыл өткенде Қызылордаға келін болғанын айтқан ол, алғашқы уақытта қиналғанын да жасырмапты.

Ал қазір себебі мен нақты миссиямды түсіндім деген Төреәліқызы туған жерінде жаңа кәсіп бастап жатыр екен.