Өнер иесі оқырмандарына күйеуінің сыйлаған сирень гүлін көрсетті.
Фото: Жеке парақшадан алынды
ERNUR.KZ. Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуінің ғашықтар күнінде сыйлаған гүлін көрсетті, деп жазады stan.kz.
Өнер иесі оқырмандарына күйеуінің сыйлаған сирень гүлін көрсетті. Өте үлкен көлемдегі гүлді желі қолданушылары қызу талқыға салды.
“Керемет букет екен. Десе де ағашқа обал”, – деп жазды желі қолданушысы.
Эстрада жұлдызы осы сұраққа кеңінен тоқталып, қыз-келіншектерге ақыл айтты.
“Қыздар, неге өздеріңізден үлкен букетті аяйсыздар! Сосын күйеуім ештеңе сыйламайды деп ренжисіздер. Мен мысалы, “неге ағашын түбімен жұлып әкелмедің” деп еркеледім”, – деді әнші.