"Әйелдер жақсырақ түсінуші еді?": Қарақат Әбілдина толықтығын сынаған оқырмандарына жауап берді

0
5 767

"Себебін өзім жақсы білетін болармын?" -дейді әнші.


Белгілі әнші Қарақат Әбілдинаны оқырмандары артық салмақ қосқаны үшін сынға алып жүр. Әншінің айтуынша, олар пікірді тек әлеуметтік желідегі жазбаларға ғана емес, тікелей эфир кезінде де жөн-жосықсыз жазатын болған. Осы жайт әншіні мезі етсе керек, ол өзінің неліктен салмақ қосып алғанын айтып, енді одан арылуға бел буғанын айтты.

Қарақат Әбілдина: "Толып кетіпсіз”, “салмақ қосып алыпсыз” деп пост астындағы пікірге де, тікелей эфирде де жөн-жосықсыз жазып жатады. Иә, көп салмақ қостым және ол баладан кейін мен үшін қалыпты жағдай. Оның үстіне Қыдекең “6 бала тапқан әйелге жарасып-ақ тұр,осы қалпың әдемі “ деп қолдаған соң да аттың басын жіберген шығармын. Толысқанымды, оның себебін де өзім жақсы білетін болармын. Оны сіз де ұғасыз, әйел затын әйелден басқа кім жақсырақ түсінуші еді?⠀

Әр баладан соң, тез-тез өзімді қолға алып, жасайтынды жасап, жылдам қалыпқа келуші едім. Осы жолғы менің физикалық жағдайым да, эмоциялық жай- күйім де басқаша еді.

Десе де, бұлай болмайтынын өте жақсы түсінем. Және бұл бір менің ғана басымдағы жай емес,артық салмақ мәселесі көп әйелді мазалайды білем. Мұндайда түсіну керек бір-ақ нәрсе бар сізге сізден басқа ешкім көмектеспейді! Өзіңізді өзіңіз ғана алып шығасыз!

Қазір ораза, аузымыз берік сондықтан жәйлап күнде таңертең, кешке бір мезгіл жаяу жүруден бастау керек. Ең бастысы - қимыл,қозғалыс қой.

Ендеше бастайық! Жаяу жүргеніңізді сторисіңізге мені белгілеп салсаңыз, менде көріп-біліп отырайын.

Біреудің мінін көргенше,
Жамандығын тергенше,
Өз ойыңды мазалап,
Өз бойыңды тазалап,
Өзіңмен алыс өлгенше!

(Шәкәрім Құдайбердіұлы)

Өзгені қойып, өзімізбен алысайық".


Қарақат Әбілдинаның бұл жазбасын оқыған оқырмандары оның "ренішіне" күліп, "Осы толып кетіпсің деген адамды түсінбеймін! Толса жер көтереді, өз аяғымен жүреді ғой, қолдарымен көтеріп жүргендей. Менің де басымдағы жағдай", "Толыпсыз дегендерге: күйеуі жәйлі болса, әйелі майлы болады деңіз" деген сынды әзіл-шыны аралас пікірлерін жазуда.