Айгүл Иманбаеваның "сүйіктісі" өзін жария етті (фото)

0
12 326

"Хайптың атасы болды", - дейді әншінің досы.


Айгүл Иманбаеваның

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілерде әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның белгісіз жігітпен қол ұстасып түскен суреті жарияланған еді. Оқырмандардың қызу талқысына түскен фотодағы ер кісінің кім екені белгілі болды. Айгүлдің елден жасырған "сүйіктісі" туралы белгілі драматург, кино және театр актері Нартай Сауданбекұлы өзінің инста-парақшасында жазды.

Ол Айгүл Иманбаеваның қасындағы сері өзі екенін жария етті.
"Өткенде Айгөлектің осы суреті біраз трендте болып еді. Мен "шу" басылсын деп ақырын күттім. Бірақ "шу" өрши түсіп әлеуметтік желіден телеарналарға шықты. Хайптың атасы болды. Неше түрлі коменттер де кетті. Енді бәрі басылғанда осы теріс қарап тұрған сері өзім екенін жариялайын", - деді ол.