"Тұрсынбек Қабатовтың әйелі маған жала жапты" - дейді Айшолпан.
Жас айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай өзіне Мөлдір Мұқанованың жала жапқанын айтып, үндеу жариялады. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялап, арадағы оқиғаға байланысты өз шындығын айтқан.
Оның бұлай жасауына бұрынғы продюсері Мөлдір Мұқанованың сұқбаты себеп болған. Бірнеше күн бұрын сұқбат берген Қабатовтың әйелі енді Айшолпанмен жұмыс істемейтінін және оның телефонды өшіріп жоқ болып кете беретінін айтқан еді.
Ал Айшолпан олардан кетуіне продюсер берген уәделерінде тұра алмауы себеп дейді.
"Күн бар жерде, көлеңке бар! Бұға берсең, сұға береді. Өзімдікі дұрыс па, ешкімге есемді жібермеймін. Алла бергенін алсада, берерін алмасын.! Менің сіздер сияқты бай миллоионер көкелерім жоқ бірақ қолдайтын халқым бар! Қанша аяқтан шалсаңыздар да мен дегеніме жетемін!" - деген жас айтыскер өз парақшасына пікір жазуды шектеп қойған.