Айнұр Тұрсынбаева немересіне есім қойған оқырманына сыйлық бермек

0
3 084

Өткен жылы келін түсірген айтыскер, жақында әже болады.


Айнұр Тұрсынбаева немересіне есім қойған оқырманына сыйлық бермек

Белгілі айтыскер, қазір мотиватор Айнұр Тұрсынбаеваның отбасы ұл баламен толықпақ. Бұл туралы танымал айтыскер ақын өзінің желідегі парақшасына жариялап, оқырмандарынан көмек сұрады.

"Ал немереміздің дүниеге келуіне санаулы күндер қалды... Ұл балаға қандай ерекше есімдер бар? Керемет есім тауып берсеңіздер керемет сыйлық жасаймын" - деді ол.

Айтыскер ақынның бұл жазбасын көрген оқырмандар ұл баланың есімдерін толассыз жазуда. Сонымен қатар, көпшілік "баланың есімін әкесі қоюы керек" деген кеңестерін де жазып жатыр, оқырманның ойынша баланың есіміне әкесі жауапты екен.

Олар "Саламатсыз ба! Немере деген тәтті ғой бірақ перзентінің атын өз әкесі ниеттеп қойғаны дұрыс болар еді, шын жүректен қойылған есім болашақ баланың тағдырына көп әсер етеді екен. Ата-анасы ниеттеп жақсы есімді шын жүректен қойса жолы болғыш керемет бала болары хақ. Алланың қалауы да, хадисі де осыған келеді" деген кеңеспен қатар "Арабша емес, қазақша ат қойыңызшы" деп өтініш айтқан.