"Әкем бәрін оның әйелі арқылы білді": Индира Расылхан бұрынғы күйеуі туралы шындықты айтты

0
15 140

"Менің шыңғырып айқайлағаным, бақырғаным бәрі де бекер болды" - дейді Индира Расылхан


"Махаббат дастанымның иесі - екі қызымның ӘКЕСІ" деп бастаған Индира Расылхан өзінің 18 жасындағы махаббатты туралы жазбасын оқырмандарымен бөлісті.

Бірнеше жазбаға арқау болған бұл хикая туралы әнші барынша ашық жазуға тырысқаны жазбасынан көрініп тұрғандай.

Индира Расылхан: "Ол кезде 18 жаста едім. Қайран лапылдаған жастық шақ-ай! ⠀

Мені өкінішті және қиын сәттерін ғана жазып отыр демеңіздер. Расымен де қиын сәттер өте көп болды. Кейде өзімді сыртымнан қарасам, менің өмірімді басқа біреу сүріп жатқандай сезіледі.

Әлқисса...
Сол 18 жас. Жамбыл музыка колледжын аяқтауға жақын қалған кезім еді.
Біз Жазира екеуміз дуэтпен ән айтатын едік.
Бір тойға екеумізді ән айтуға шақырған еді.
Той жүріп жатты, бізге арнайы көлік берілмейді да ғой. Бір автобусқа музыкант бар, тамада бар аппаратураларымен бәріміз бірге міндік.
Музыкант ағаймен шамалы уақыт қалжыңдасып, сөйлесіп қалдық.

Ойымда ештеңе жоқ, келесі күні кешегі ағайымды біздің жатақханадан көрдім. Амандасып өтіп кеттім. Жатақханада бізбен бірге мұғалім ағай мен апайымыз қоныстанған еді.

Вообщем музыкант ағайымды жатақханадан күнде көретін болдым.

Амандасып өтіп кете беретін болдым.
Солай 6 ай уақыт өтті.

Бір күні жатақханадағы ағай шақырып алды. Коридордың соңында тұр екен, қастарына бардым. Ойымда ештеңе жоқ.

Музыкант ағаймен қайта таныстырды. Мен танитындығымды айттым.
Ол кісінің ән шығаратындығын айтты. Менің дауысымды ұнатып, маған әндерін орындатқысы келетінін жеткізді.

Солай солай бірге жұмыс жасаймыз деп ұйғардық. Әнші боламын деген қызға өте тамаша мүмкіндік емес пе?

Тараз қаласында ол кезде “Жамбыл жұлдыздары” деген байқау болатын.
Сол байқауға дайындық та басталып кетті.
Мен мәзбін жеңем деп. Ол кезде ешкім ондай профессионалдармен дайындалмайтын еді. Маған берілген мүмкіндік деп қуанып жүрдім. Компазитормен жұмыс істеу деген үш ұйықтасам түсіме кіріппа?

Ол кезде көктем еді...

Музыкант ағайымның сөйлегені, әнді жеткізгендігі ең бастысы менің шын ниетімен қалағаны ұнай бастады.

Бала көңіл Индира алданды ма?
Шалыс басты ма?
Сезімге берілді ме?
Білмедім.

Мен ол кісіні ұнатып бастағанымды түсіндім. Ол кісіден әрқашан мақтау естіген сайын жүрегім қозғалғандай болатын. ( ғашық болған адам түсінеді) Мен үшін ол кісі ең керемет, ең білгіш, ең талантты музыканттардың бірі болып санала бастады.

Небәрі 18 жастағы қыздың енді ғана махаббат жайлы сезімі оянған шақ емес пе?

Ол кісімен өткен әрбір минуттар бағалана бастады. Жастыққа басым тие сала ұйқыға кеткенше күндізгі өткен уақыттарым, сол кісінің мені қолпаштағаны, сенімі барлығы көз алдымнан өткізбей ұйықтамайтын болдым!

Ертеңгі дайындық уақытын күтетін жағдайға жеттім! Ол кісіні көріп қаламынба деп өзімді әдемілеп, әдемі көйлегімді киіп жүретін болдым.

Үнемі дайындыққа Жазирамен бірге баратын едік.
Бір дайындыққа менің өзіме баруыма тура келді. Жазира Қаратауға кетіп қалды.

Ұмытылмас махаббаттың дастаны сол күннен басталды. Бұл мағаббат маған бұлай соққы болатынын мен ешқашан ойламап едім".

Көпшілікке ол адамның кім екенін білетін шығарсыздар деген әнші, білмейтіндер үшін бұл құпияны жақын арада бөлісетінін жеткізген. Өзінің беделді адамды жақсы көргеніне қуанып жүрген әншінің хикаясы туралы әкесі сүйіктісінің бірінші әйелінен естіген екен.



Әкесі қызын ауылға алып кетеді. "Сол күндері оның неге келмейтінін, өзім қарайтын малдардан сұрайтын едім" деген әнші егіз қыздарын сол кездегі жанына жұбаныш болуы үшін берген Құдайдың сыйы деп есептейді.

Индира Расылханның бұл жазбаларын оқыған оқырмандары, оның басынан кешкен оқиғаларымен бірдей күй кешіп, толқығандарын жасырмайды.