«Әкем Құдайдан соқыр бала тілеген екен»: Серікбол Сайлаубек бір көзінің көрмейтінін айтты

0
627

«Дұрыс сөйлеген абзал, тілекті де дұрыстап тілеу керек»


«Әкем Құдайдан соқыр бала тілеген екен»: Серікбол Сайлаубек бір көзінің көрмейтінін айтты


Осыдан біраз уақыт бұрын белгілі әнші Серікбол Сайлаубек көзі көрмейтінін, сол үшін үнемі қара көзілдірік тағып алатынын айтқан болатын. Жақында осыған байланысты тылсым оқиғаны баяндап берді.


«Анам дүниеге төрт қыз әкелген. Енді әкеме ұл керек қой. Сонда дастархан басында отырып «бір көзі соқыр болса да ұл берші» деп тілеген екен. Содан мен келдім, бір көзім көрмейді. Негізі дұрыс сөйлеу керек, тілекті де дұрыстап сөйлеу керек» деді әнші.


Сондай-ақ ол «Ұйқым келмейді» бағдарламасында әкесіне ренжімейтінін білдірді.


«16-17 жасымда әкемнен айырылып қалдым. Ол кісінің жүрегі тоқтап, марқұм болып кетті. Әйтпесе әкеміздің жанында болдық, ол кісіге ренжитіндей хақым жоқ. Мен анамның айтқан әңгімесін баяндап берген едім. Бірақ осы әңгімеден кейін көпшілік басқаша түсініп, «әкесіне ренжулі екен» деген әңгіме таратты. Мен әкеме ешқашан ренжімегенмін. Мұндай әңгімеден аулақ болыңыздар. Әке деген асқар тау» деп жан сырымен бөлісті Серікбол Сайлаубек.