"Біреудің мінін түзегенше, өзіңіздің бойыңызды тазалаңыз": Төреғалидың қарындасы өзін сынағандарға жауап берді

0
2 927

Бойжеткен жазылып жатқан кері ойлардың барлығы орынсыз екенін айтты.


Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі болашақ жолдасымен шетелге барып келгені үшін өзін сынға алған көпшілікке жауап берді. Жақында отбасын құрғалы жүрген бойжеткен керағар пікір жазып, отбасына тіл тигізген адамдардың алдында ағынан жарылды.

Керағар пікірлер Фариза Төреәлінің көңіліне қаяу түсірсе керек. Қалыңдық өзін сөккен желі қолданушыларына жауап беріп, Instagram парақшасында азулы жазба қалдырған. Бойжеткен жазылып жатқан кері ойлардың барлығы орынсыз екенін айтты.

"Жазғым келмеп еді, бірақ. Менің парақшамды әкем де, анам да, ағам да бәрі қарап отырады. Әрине, олар бәрінен хабардар. Ата-анамның рұқсатынсыз ештеме болмайды.. Кішкентайымнан сондаймын. Көбісі шетелге барып келгенімізге "ата-анаң қайда қарап отыр.. тб" сынды сөздер айтып, ерінбейтіндер тіпті дайректке жазып жатты.

(Үлкееен хаттарын оқып шошисың, сонша уақытын маған арнап мені түзегілері келеді. Өзгенің өміріне белсене араласқан ол адамдарға түзелу керек керісінше.)

Өзін тәрбиелеуге шамасы да, нәпсісі де жетпей жатып, өзгені өзгерткілері келеді, қызық. Мен өмірімдегі әр сәтті, әр оқиғаны әлеуметтік желіге салмаймын, салуға болады деген дүниені саламын. Бөліскім келмейтін жаңалықпен бөліспеймін. Менің ата-анам, ағам көпті көрген кісілер, маған жауапты, менің әр ісімді біледі, қадағалап отырады. Сол үшін де оларға артық сөз келгенін көтере алмаймын. Алланың алдында арым таза болса болды, басқалардың ойы қызықтырмайды.

Діндегі дұрыс-бұрыс нәрселерді білемін, сауатымды бұрыннан ашып бастағам, әлі де дамытамын. Түрлі жалған парақшадан отырып алып жазатындарды түсінгім келмейді, түсінбей-ақ та қойсам екен. Олар жалғыз қалғанда өзгеден емес өзінен ұялмайды ма екен?..

Біреудің мінін түзегенше, өзіңіздің бойыңызды тазалаңыз”
, - деп жазған Фариза өз парақшасында.