Әнші: "Соңғы кездегі өзгерістерге беріп жатқан қолдауларыңыз мен үшін өте құнды"
Өткен жолы әнші ағынан жарылып сұқбат беріп, соңғы жылдары өмірінде болған өзгерістерді жасырмай тыңдармандарымен бөліскен болатын.
Әншінің әйелімен ажырасуы, анасының сырқаттанып қалуы, ағасынан айырылуы, ішкілікке салынуы... бұның бәрі тек әнші үшін ғана емес, оның тыңдармандары үшін де ауыр болды. Өйткені сүйікті әншілерінің басынан өткен жағдайларға қанық болған жанкүйерлері оған қолдау білдірген тілектері мен жазбаларын желі арқылы таратып жатыр.
Мұндай қолдауға разы болған Алмас Кішкенбаев өзінің желідегі парақшасында баршаға алғыс айтты.
Алмас Кішкенбаев: "Ассалаумағалейкүм, қадірменді ағайын! Сіздерге алғыс айтайын деп жазып отырмын. Соңғы кездегі өзгерістерге беріп жатқан қолдауларыңыз мен үшін өте бағалы, өте құнды! Алғысым шексіз! Сіздердің қолдауларыңыз барда, мен-бармын, қолдауларыңыз барда менің өнерім бар! Алдарыңызда басымды иемін! Тағы қайталаймын, қайталаудан шаршамаймын, Алғысым шексіз!!! Аман болыңыздар!".
Сүйікті әншілерінің "Мен бармын! Менің өнерім бар!" дегенін естіген желі қолданушылары, "Құдай өзінін жақсы көрген адамын сынайды екен. Бұл саған берілген сынақ шығар, қажыма, қайратты бол! Қыздарың сенің сондай тəтті! Бəрі орнына келеді. Анаң ушін сен мыкты болуың керек! Онын жасаған "сен" деп төккен енбегін актауың керек! Семьяңды кайтаруың керек! Сен мыктысың. Мен саған сенемін!" деген ізгі тілектерін жазып жатыр. Олардың ішінде танымал өнер жұлдыздары да бар.
Фото: a.kishkenbaev