Алматылық таксист жігіттің өнеріне қазылар алқасы разы болғаннан тұрып, билеп кетті.
Алматылық азамат, қарапайым такси жүргізушісі Ерлан Байбазаров Украинаның "Дауыс" телешоуының 10-шы маусымына қатысып, дауысымен қазылар алқасын таң қалдырған. 29 жастағы жігіт электронды домбыра мен луперді пайдаланып өнер көрсеткен.
"Мен такси жүргізуші болып жұмыс істеймін. Ән айтамын, әнші боламын дегенді ешуақытта ойламағам. Бір күні ол караокеде ән салдым, достарым мен сонда отырғандардың барлығы қол шапалақтады, даусыма таң қалды. Содан бері кәсіби орындаушы болуды армандадым. Менімен елім, достарым, тіпті көршілерім мақтану үшін, мен барымды саламын" - дейді Ерлан.
Сахнаға шығып, ерекше даусымен таң қалдырған алматылық таксит жігітке қазылар алқасының 4 мүшесінің үшеуі түймені басып, бет бұрған.
Қазақстандық жігіттің әні ұнағаны соншалық, қазылар алқасы сахнаға шығып айтылған әнді бірге шырқады.
Ерлан Байбазаров тәлімгер ретінде Потап және Настя Каменскихтың тобын таңдады.