Өнер иесі қасиетті күнді "қара жұмаға" алмастырғандарды сынап тастады.
Фотоколлаж: kaz.nur.kz.
Әнші Алтынай Жорабаева қасиетті жұма күнін "қара жұмаға" алмастырғандарға ренішін білдіріп, бар ойын ортаға салды. Бұл туралы эстрада жұлдызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Жорабаева көпшілікті айтылған әрбір сөзге абай болуға шақырды. Өнер иесі көпшілікті ауыздан шығатын сөздерге абай болуға шақырған. Айтылған әрбір сөздің шынайы өмірде орын алуы мүмкін екенін алға тартқан.
"Қасиетті Жүмадағы тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Күндердің сұлтаны - жұма. Көңілді жұма, керемет жұма. Міне, біз бұл күнді осылай мақтап, бүгінгі акцияларға да осындай атаулар беруіміз керек. "Қара жұма, қара жұма" деп, ақыры қаралы жұма қылдық. Ауыздан үнемі шығатын сөз , өміріңде орын алады. Осы орайда маған ең көп қойылатын сұрақтың біріне жауап беріп өтсем деп едім. Аффирмация айтасыз ба? Иә айтамын және кеше бастаған жоқпын. Бұл менің өмір салтыма сіңісті болып кеткен дүние. Бұл кеше Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) "жақсы сөйле, болмаса үндеме" деп өсиет еткен сүннет. Бабамның "жақсы сөз - жарым ырыс" деп үйреткен өнегесі. Әрдайым жақсы ойда болу, жақсы сөйлеу, тіпті өлімнің өзін жұмсақ жеткізу бұл біздің қанымызға сіңген қасиет. Маған қиянат жасап, артымнан талай өсек, алып-қашпа әңгіме айтқан адам жайлы да жаман айтпауға тырысып, кемішілігін жылы жауып, кең болсаң кем болмайсың деп жүрген қазақпын. Алла бізге не берсе де, сол жақсы ойлап, жақсы сөйлейтін, ешкімді өсектемейтін, ақ адал пейілімізге береді. Аффирмация деп ат қойып, айдар тағып қазаққа жаңалық қылудың қажеті жоқ деп ойлаймын" , - деп жазды әнші.