Арсен Акиев: "Бұлай шулап кетеді деп ойламадым..."

0
18 339

​Танымал жайдарманшы Мерекенің өзінен кішкентай жігітке тұрмысқа шыққаны желіде кең талқыланған еді. Бірақ махаббатын дәлелдеп әзілкеш қызды ұзатып алған Арсен Акиев өзінің инстаграм парақшасына "Бәріңе менің көзімді берсе, бұндай жаман пікірлер жазбайтын едіңдер" деп жазды. Сонымен қатар, ол өздері туралы жаңалықтардың толастамауына байланысты "Қайрат Нұртастың әйелі ұқсап хит боп бара жатырмын ба?" деген қалжың сөзбен жауап берді.


Арсен Акиев:

Танымал жайдарманшы Мерекенің өзінен кішкентай жігітке тұрмысқа шыққаны желіде кең талқыланған еді. Бірақ махаббатын дәлелдеп әзілкеш қызды ұзатып алған Арсен Акиев өзінің инстаграм парақшасына "Бәріңе менің көзімді берсе, бұндай жаман пікірлер жазбайтын едіңдер" деп жазды. Сонымен қатар, ол өздері туралы жаңалықтардың толастамауына байланысты "Қайрат Нұртастың әйелі ұқсап хит боп бара жатырмын ба?" деген қалжың сөзбен жауап берді.

Мұны оқыған желі қолданушылары Арсенге сабыр тілеп, теріс пікірлерге құлақ аспауға шақырды. Десе де, арасында оның әлі бала екенін айтып сынағандар да табылды.

Сондай-ақ Арсен жары екеуінің бітіру кештерін жүргізетіндерін де хабарлаған.

Фото: @arsen.akiev

ERNUR.KZ