Наурыз - тіршіліктің жаңалар уағы. Бұл уақытта қазақ ежелден үзілген қатынасты жалғап, іштегі өкпе-назды жоятын болған. Күні кеше аяулы ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің инстаграм парақшасында Қайрат Нұртас туралы сөз қозғады. Мега жұлдыздың отбасылық концертінен кейінгі тілегі Қайраттың кішіпейілдігі турасында болды. Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын айтыскер ақын Қайрат туралы жағымсыз пікір айтып ел ішінде біраз шу болған еді. Бірақ қазір оның бәрі жойылып, шынайы достыққа жалғасқанын байқаймыз. Айтыскер қыздың мықтылығы өзінің "жеңілгенін" мойындағаны. Сізде әз-Наурызда теріс бұрылып кеткен жандарды қайтаруға қалай қарайсыз?

aidyn_nury: "Жалпы псиxологияның маған тигізген пайдасы ұшан теңіз. Жастау кезімізде бетің бар, жүзің бар демей айтып тастауды жөн санайтынмын. Адамды ренжіте салу түк емес еді...Осыдан 10 шақты жыл бұрын Алматыға бір конкурсқа қазылық етуге шақырды... Барсам қаптаған әнші.. Бір құрбымды көріп қалып ем, "Қайрат Нұртаспен жарысқа түсем" деді, "дайынсың ба?" деген ем, "жоқ, оны әлі көрген де жоқпын" деді. Әдеттегідей көтеріліп кеттім, "неге ол саған жолықпайды, неге сәлем бермейді, ол кім соншама" деп бұрқылдап ала жөнелдім.. "Оның күн сайын концерт беретіні, бүкіл Қазақстанды аралап жүргені менің миыма кіріп шыққан жоқ. Сонымен жарыс басталды, мен бірден Қайратты бас салдым.." Қайрат Нұртас деген кім" деп бастадым әңгімені.. «Продюсері қайда қарап жүр» деп бір тиістім. Сонымен не керек айқай шықты.. Мамасы сұқбат берді тв-ға, маған ренжігенін айтып жатыр...Мен жауап беріп қоймаймын. Баяғы сол менікі дұрыс деген бетпақтық. Бір күні бір тойда құрметті қонақтардың арасында "гүл" болып отырған едім, қасымдағылар тура сол оқиғаны айтып, "не болды, татуластыңыздар ма?!" деп сұрап жатыр.."Е, жоға" деп мен қатайып отырғанмын, бір кезде тойдың төріне Қайрат кіріп келді.. Кіріп келді де маған қарай жүгіріп келіп,"қалайсыз әпке" деп бетімнен сүйіп амандассын.. Ашық жарқын, мәз мейрам.. Ұялғанымнан жердің тесігін іздеп кеттім.. 1-0 болып оңбай жеңілгенімді сонда сезіндім...