Балғынбек Имашев не себепті ұлының басы дауға қалғанын түсіндірді

0
1 220

​Балғынбек Имашев әуе билеттерінің, қонақүй бағасының қымбаттағанын айтып ақталды.


Балғынбек Имашев не себепті ұлының басы дауға қалғанын түсіндірді

Фото: Instagram/balgynbek_imash

ERNUR.KZ. Алматыда айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлына алданған туристердің қаражаты қайтарыла бастады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

50-ден астам адам кіші қажылыққа аттану үшін Qazaq travel компаниясына кемі 500 мың теңгеден төлеп, соңында сан соғып қалдық деп шағымданған еді.

Жолдаманы компанияның атқарушы директоры Данияр Имашев сатқан дейді. Бірақ рейске бір күн қалғанда фирма не билет, не қонақ үйді рәсімдемегенін мәлімдеген. Кейінірек қасиетті мекенге жете алмағандар полицияға арыз жазады.

Алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, үш адамға қатысты тергеу басталды. Олардың қатарында ақынның ұлы Данияр Имашев та бар. Балғынбек Имашев әуе билеттерінің, қонақүй бағасының қымбаттағанын айтып ақталды.

Ал бүгін қажылықтан қалғандарға айтыскердің өзі ақшаны қайтарып берген. Халықтан қолхат жинап, мұнысын видеоға түсірмеуді де өтініпті.

«Ақшамызды алдық. Балғынбек Имашев ағамыз келіп, ақшамызды қайтарды. Бірақ басқа адамдарды білмеймін, сырттағы адамдар бар, оларға өзіміз хабарласып, ақшаның бәрін таратамыз деді», - дейді Жаннұр Жөкетай.