«Жаңагүлмен жаңа күн»
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бұл туралы өзінің парақшасында жария етті.
Алғашқы шығарылымынң қонағы Астанада Қазмедианың маңайында “газонокосильщик“ боп жұмыс істейтін Жаңагүл есімді келіншек.
Кейіпкердің жасы 26-да, 3 баланың анасы. Жолдасы екеуі күнделікті қалаға жұмыс үшін 100 км жол жүріп келеді екен.
"Әр шығарылым сайын кез келген әйелге менімен бірге бір күн өткізіп, кәсіби мамандармен жұмыс істеп, өзін басқа қырынан көруге мүмкіндік береміз" деді.
Сондай ақ, тележүргізуші жобаға қатысуға ниетті қыз-келіншектерге өзінің ұсынысында білдіре кетті."Елордаға ұшып келуіңіз, жатын орын, мамандармен жұмыс, сыйлыққа таңдаған киімдер – бәрі өз атымнан", - деді Сұлтанқызы.