​«Бразилияға бару оңай болмады»: Нұрлан Қоянбаев кезекті комедиясын көрерменге ұсынбақшы

0
2 571

Қоянбаевты Бадықова басып озды


​«Бразилияға бару оңай болмады»: Нұрлан Қоянбаев кезекті комедиясын көрерменге ұсынбақшы

Атақты әзілкеш, кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев «Қазақша бизнес» фильмінің кезекті сериясын 218 миллион халқы бар Оңтүстік Америка елінде түсірді.


Бұл жолы Қоянбаев актерлік құрамды, режиссер мен сценарий авторларын, түгел өзгерткен. Бұрынғы фильмдерде ойнаған Жан Байжанбаев, Дариға Бадықова, Гүлназ Жоланова, Рамазан Амантай сынды әртістер бұл жолы тек эпизодтық рөлдерден көрінеді екен. Қыркүйекте басталған түсірілім 20 күнде жалғасыпты.


«Қазір шетелге шығып, кино түсіру өте қымбат боп жатыр. Бразилияға бару оңай болмады. Жалпы, жеті бөлімі бар кино жыл сайын шыға бермейді. Сондықтан оның жауапкершілігі өте үлкен. Қазір Қазақстанда комедия көп түсіріліп жатыр. Біреуі жақсы, біреуі жаман. Соған қарамастан түсіріле бергені дұрыс. Өйткені тек мықты мемлеке қана өз өмірлерін күлкімен көрсете алады» деді Нұрлан Қоянбаев «Revue news» бағдарламасына берген сұхбатында.


Еске сала кетейік, «Қазақша бизнес» комедиясының алғашқы бөлімі 2016-жылы шыққан. Нұрлан Қоянбаев – Қазақстанда комедия түсіріп, кассадан миллиард жинаған алғашқы продюсер. Алайда жақында оны «Таптым-ау сені» фильмін түсірген Дариға Бадықова басып озды. Жарыққа шыққа 10 күн ішінде 1 миллиард 100 миллион теңге касса жинаған.


Қоянбаевтың «Қазақша бизнес Бразилияда» комедиясы 28-желтоқсаннан бастап барлық кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.