«Бұл сезімді сөзбен жеткізу қиын»: Баян Мақсатқызы әже атанды

0
1 847

«Қызымыз кімге ұқсайды?» деп сөз таластырып жатырмыз»


«Бұл сезімді сөзбен жеткізу қиын»: Баян Мақсатқызы әже атанды

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы алғаш рет әже атанды. Қызы Айсәуле Бақытбек кестетігер қызды дүниеге әкеліп, жақын туыстарын қуантуда.


Баян Мақсатқызы ана мен баланың жағдайы жақсы екенін тілге тиек етті.


«Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Диляра құдағи екеуміз қызымыздың кімге тартқанын талқылап жатырмыз. Біз бақыттымыз!», - деп жазды продюсер.



Ал желідегілер алғаш рет әже атанған Баян Алакөзоваға құттықтауларын жазуда.


«Бауы берік болсын!», «Алла екі дүниеде абыройлы ұрпақтан етсін!» деген игі тілектерін арнап жатыр.